ЖАЛАҒАШТА РЕЙД ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ
Жалағаш аудандық жастар ресурстық орталығы" КММ-нің қызметкерлері мен аудандық ішкі істер бөлімінің ЖПҚ-ның кәмелетке толмағандар істері жөніндегі аға инспекторы Ұ.Ахметова қатысуымен профилактикалық рейд жұмыстары жүргізілді.
Бұл шара жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, топтасып төбелесудің, түнгі 23:00-ден кейін көшеде жүрмеуін қадағалап, алдын алу мақсатында өткізілді.
Профилактикалық рейд жұмыстары барысында кенттегі ойын-сауық, қоғамдық демалыс орындарын аралап, құқық бұзушылыққа жол берген жастарға түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, заңдық өкілеттікке бағынбай, құқық бұзған жасөспірімдерге тиісті шаралар қолданылды.