АУДАН ӘКІМІ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫН АРАЛАДЫ

Қазіргі таңда ғимараттың қабырғасын қалау жұмыстары аяқталып, шатырын жабу және ішкі әрлеу, сыртқы абаттандыру жұмыстары қолға алынуда.
Сонымен қатар, аудан басшысы апатты жағдайда деп танылған екіқабатты тұрғын үйлердің тұрғындарына арнап салынып жатқан тұрғын үйлердің құрылысымен де танысты. Сондай-ақ, үйлердің су, жарық және газбен толық қаматамасыз етілуін қадағалауды тиісті сала басшыларына ескертті. Бүгінде 27 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Құрылыс нысандарында болған аудан басшысы бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыс жағдайын саралай отырып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар бойынша жауапты мердігер компания мамандарына құрылыстың сапалы жүргізілуін және белгіленген мерзімде аяқталуын тапсырды.
