Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

ҚҰРЫЛЫС САПАСЫНА НАЗАР АУДАРЫЛАДЫ

 Өңірлік коммуникациялар қызметі мен мемлекеттік сәулет құрылыс бақылау басқармасының ұйымдастыруымен қалада салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарына баспасөз туры өткізілді.
Шаһарда бой көтеріп жатқан ғимараттардың стандартқа сай сапасы тексеріліп, түрлі лабароториялық тексерістер жүргізілді. Мәселен, Жаппасбай батыр көшесіндегі №16 үй әлеуметтік маңызы бар нысанның бірі. Кезекте тұрған 50 отбасыға арналған көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бас мердігер «Авангард ПГС» ЖШС. Аталған компанияның тұрғын үй саласында жұмыс жасап келе жатқанына 10 жылдан асқан. Облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Әліп Мәди құрылыс нысандарының іргетасы қалау сәтінен бастап, ішкі жұмыстарының аяқталуына дейін мерзімді бірнеше тексеру болатындығын атап өтті.
«Қазіргі таңда біз облыстағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың барлығына тексеру жүргіземіз. Құрылыстың орны анықталғаннан бастап, оның іргетасы қалануы, бетонның сапасы, темір арматуралардың қалыңдығы сияқты ұсақ-түйекке дейін қадағалаймыз. Себебі кез-келген өрескел қате кейін орны толмас бақытсыздық жағдайларға ұшыратуы мүмкін. Бүгінде қаладағы «Стандарт строй сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен өзара мемарандумға отырдық. Соған сәйкес аталған мекеме мемлекеттік маңызы бар ғимараттардың құрылыс сапасын тексеруде үлкен үлесін қосуда», - деді облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының бөлім басшысы Әліп Мәди.
30 қазан 2017 ж. 1 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам