Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДА КОМАНДАСЫ МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ!

ҚЫЗЫЛОРДА КОМАНДАСЫ МЕКТЕП ЖӘНЕ КОЛЛЕДЖ ОҚУШЫЛАРЫ АРАСЫНДА РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЖАЗҒЫ СПАРТАКИАДАНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕСІН ИЕЛЕНДІ!

   Үстіміздегі жылдың 5 сәуір  - 12 тамыз аралығында мектеп және колледж оқушыларыныңреспубликалық 9-шы жазғы спартакиадасы өтті.
Еліміздің барлық аймағынан  520 команда,  6448 мектеп және колледж оқушылары 54 спорт түріне қатысып, үздіктер анықталды.
Оның ішінде Сыр спортшылары тоғызқұмалақ, ауыр атлетика (ұлдар, қыздар), гандбол (қыздар), каратэ-до (ұлдар, қыздар), таеквондо (қыздар), қазақ күресі (ұлдар, қыздар), шахматтан ұйымдастырылған  жекелей сайыстарда  жалпыкомандалық есепте көш бастады.
Сонымен қатар, облыс командасы грек-рим күресі, еркін күрес, самбо, велотректен өткен сайыстарда екінші, әйелдер күресі, бокс (қыздар), стенд ату жарыстарында үшінші орындарға ие болды.
Ал спартакиаданың қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қызылорда облысының құрама командасы жақсы өнер көрсетіп, жүлделі 3-орынды иеленді. Бірінші Түркістан облысы, екінші орындарды Алматы қаласының командалары еншіледі.
Спартакиада бағдарламасы бойынша 16 спорт түрінен жарыстар Қызылордада өткізілді.
Айта кетейік, Қызылорда облысы биылғы жылғы спартакиада тарихында алғашқы мәрте жүлделі үштікке еніп отыр.
14 тамыз 2018 ж. 1 384 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам