ҚЫЗЫЛОРДАДА ВЕЛОКРОСС ЖАРЫСЫ ӨТТІ
Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен 1 желтоқсан ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай Қызылордада жасөспірім ұлдар мен қыздар арасында велокросс жарысы өткізілді.
Алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа №3 облыстық велоспорт жөніндегі олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің спортшылары қатысып, үздіктер анықталды. Жарыс барысында ұлдар 15, қыздар 10 мәрте айналым өтіп, бақ сынасты.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер грамота және естелік сыйлықтармен марапатталды.