ТҮЛЕКТЕР БІЛІМІН ТАРАЗЫЛАҒАН ТЕСТІЛЕУ
Тамыздың 6-да мемлекеттік білім беру гранты иегерлері анықталды. Осылайша, бірқатар ата-ана, ұстаз үміті ақталды, грантқа ие болғандар қуанды. Облысымызда 2732 түлек сондай көл-көсір қуанышқа кенеліп, өмірдегі маңызды мақсатына алғашқы қадам жасады.
Биылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге мектеп бітіруші қызылордалық 7113 түлектің 4742-і қатысқан. Бұл көрсеткіш 66,7 пайызды құрайды. Аталмыш сынақ қорытындысымен облыс бойынша түлектердің орташа балы 85,82 баллды құрады. Айта кеткен жөн, аймағымызда 100 балдан жоғары жинаған түлек саны өткен жылдармен салыстырғанда 30 пайызға артып отыр.
– Үстіміздегі жылы 2732 түлек білім беру грантын иеленді. Ал 751 түлек «Серпін» бағдарламасы бойынша оқуға түсті. Сондай-ақ, 205 жас талапкер облыс әкімінің грантымен білім алады. Меморандум бойынша Ресей Федерациясының алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының грантын 70 түлек қол жеткізді, – деді өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Ақзира Қасымова.
Грант иегерлерінің таңдаған мамандығына тоқталсақ, 1236 түлек техникалық ғылымдар және технология мамандықтары бойынша оқуға түскен. Сонымен қатар, 696 – педагогикалық, 283 – ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласына – 207, қызмет көрсету – 155, әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес – 113, өнер саласы бойынша – 42 талапкер грант иегері атанды.
Одан бөлек еліміздегі оқу орындары ректорларының гранты бөлінген. Оған 43 түлек түскен. Сондай-ақ, 39 жас жоғарғы әскери оқу орындарында білім алатын болса, түлегі атанса, 29 талапкер шет елде оқиды.
Сонымен қатар, биылғы оқу жылында Астана қаласы ЕврАзЭС Парламентаралық Ассамблея жанындағы Санкт-Петербург университетімен облыс әкімдігі арасында жасалған меморандумға сәйкес аталған білім ордасы 10 түлегімізді қабылдайды.
Аймағымызда басты сынаққа қатысып, 100 және одан да жоғары балл жинағанымен, білім беру грантына қол жетпеген 102 талапкер бар. Ал, ҰБТ-дан төмен балл жинаған Шиелі ауданының түлегі 54 балмен мемлекеттік грантқа ие болған.
Шекті деңгейден өте алмаған түлектер тамыз айының 14-19 аралығында және 2019 жылдың қаңтар айынан бастап ақылы негізде қайта тапсыра алады.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.

(Ақмешіт Апталығы Газеті)