Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЫР ТҮЛЕКТЕРІ СЕНІМДІ АҚТАДЫ

СЫР ТҮЛЕКТЕРІ СЕНІМДІ АҚТАДЫ

  Сыр түлектері биыл да өз білімінің жоғары деңгейде екенін дәлелдеді. Бұл – аймақта аталмыш салаға ерекше көңіл бөлініп, ұстаздар берген сапалы дәрістің оң нәтижесі деп бағалаймыз.
Аталмыш сынақ түлектің білімін, қабілетін, танымын таразыға тартты. Кім қандай деңгейде білім алғаны дәлелденді.
Маусым айының 20-23 аралығында 4742 оқушы сынақ тапсырды. Биыл мектепті 7113 түлек тәмамдаса, оның 60 проценттен астамы тестілеуге қатысты.
– Облыс бойынша 9 тестілеу пунктінде өткізілген сынақ өз деңгейінде бақылауда болды. Бұл мақсатта 107 аудитория әзірленді. Ереже талаптарына сәйкес қажетті құралдармен жабдықталды, – деді облыстық білім басқармасының басшысы Майра Мелдебекова өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 
Қуанарлық жағдай. ҰБТ қорытындысымен орташа балл 86,1-ді құрады. Ол  былтырғыдан 4 баллға жоғары. Облыс бойынша ең жоғары 135 баллды Қазалы ауданының №249 мектеп-лицейдің түлегі Еркін Рат және  облыс орталығындағы №15 мектеп-лицей бітірушісі  Абылай Жалғасбай жинады.   Ал 100 балдан жоғары жинаған оқушы саны – 1131 адам. Әрине, ҰБТ қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған  оқушылар да болған. Мәселен, шекті деңгейден өтпеген 113 түлек бар.  Оларға тамыз айында және 2019 жылдың қаңтар айында 2 рет ақылы негізде қайта тапсыру мүмкіндігі беріледі.
Облыстық білім басқармасы басшысы биылғы жылы заңсыздықтар орын алмағанын тілге тиек етті. Ережені бұзып, ұялы телефон алып кіруге тырысқандарға дер кезінде тосқауыл қойылған. Нәтижесінде олардан 429 ұялы телефон, 167 шпаргалка, 8 калькулятор алынған. Ал, тестілеу ережелерін бұзғаны үшін аудиториядан шығарылған оқушы жоқ.
Облыс бо­йынша апелляцияға 93 біті­ру­ші өтініш беріп, оның 19-ын республикалық комиссияға ұсынған. Нәтижесінде техникалық қатемен  44 және пәндер бойынша 17 балл қосылған.
Сынақ қорытындысы тек қана облыс көрсеткішін анықтап қоймайды. Аудан, елді мекендегі мектептердің, онда қызмет ететін мұғалімдердің атқарған жұмысын, білімі мен білігін көрсететін болады.
Әрине, бұрынғы жылдармен салыстырғанда көрсеткіш жоғарылап келеді. Биылғы түлектердің білімі біршама өскенін байқадық. Бұл жыл өткен сайын білім беру сапасының артқандығын көрсетеді.
                                                                             Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ.
26 маусым 2018 ж. 1 464 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам