КЕЛІСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАЙДЫ
Елімізде «Медиация туралы» заңның қабылданғанына 7 жыл толды. Осыған орай А:Тоқмағамбетов мәдениет үйінде медиация институтын дамыту, оның қолдану аясын кеңейту мақсатында «Қызылорда қаласында медиация қызметін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында мерекелік шара өтті. Оны қалалық ішкі саясат бөлімі мен «Бітім» медиация орталығы қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.
Медиация – бейтарап, әділ, жанжал нәтижесіне мүдделі емес тараптың қатысуымен өтетін дауларды реттеудің жаңа түрі. Ол жанжалдың алдын алу және оларды сотқа жеткізбей шешу, сол сияқты халықтың құқықтық сауаттылығын нығайтуды көздейді. Бүгінгі таңда қоғамдық сананы жаңғыртудың бірден-бір жолы – медиация институтын дамыту. Шетелде бұл тәжірибе бұрыннан қолданылып келеді. Әсіресе, Америка мен Еуропа елдерінде жолға қойылған.
Шараға облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Талғат Маханов, қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов қатысып, медиаторларға облыс және қала әкімдерінің марапаттарын табыс етті.
– Кез келген адам даулы болса, шындық тек мен жағында деп кеуде соғатыны анық. Келесі тарап та өзінің дұрыстығына шек келтірмейді. Медиацияға жүгінсе, дауласушылардың бірінікі дұрыс, екіншісі бұрыс демей, оның алтын ортасын іздейді, сол арқылы екі жақтың да мүддесін қамтитын шешім табылады. Қазіргі таңда, біздің өңірде медиация саласының абыройы мен сұранысы жыл санап артып келеді. Медиация –әртүрлі қиын жағдайға тап болған адамдар арасында келісімге келудің ізгілікті жолы, – деді Ш.Байманов.
Өткен жылы Қызылорда қаласы бойынша 37 кәсіби емес медиаторлар тіркелсе, биылғы жылы олардың саны 105-ке жетіп отыр. 2013-2017 жылдары аралығында қалада кәсіпқой емес медиаторлардың араласуымен 50-ден астам даулы мәселелер оң шешімін тауып, мәмілеге келген.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.
(Ақмешіт Апталығы Газеті)