МҰЗ АЙДЫННЫҢ ЖАУҺАРЫ
Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойы қарсаңында толағай табыстарымен елді қуантқан саңлақтар жайында айта кету лазым. Сыр өңірінің спорт саласы қарқынды дамып келеді. Былтырғы жыл қорытындысы бойынша жерлестеріміз әлем, Азия чемпионаттарында 88 медальді иеленген. Солардың қатарында қазақ елінің намысын қорғап, абыройын асқақтатып жүрген, мәнерлеп сырғанау шебері Элизабет Тұрсынбаева да бар.
Элизабет Тұрсынбаева – Қазақстан чемпионы, елімізде 2017 жылдың үздік жас спортшысы, көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы және жүлдегері. 2016 жылы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында қола жүлде жеңіп алды. Былтыр Саппородағы қысқы Азия ойындарында да үшінші орынға ие болды. Оның әкесі Байтақ Сыр өңірінің тумасы болғанмен, өзі 2000 жылдың 14 ақпанында Ресей астанасы – Мәскеу қаласында дүниеге келген. Осыдан оншақты жылдай бұрын сол шаһардағы «Москвич» эксприменттік жоғары спорт шеберлігі мектебінде тәлім алды. Сондай-ақ, Элизабет Алматы қаласының дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты мен Мәскеудегі орталық әскери-спорттық клубында жаттыққан. Ресей астанасындағы №37 балалар мен жасөспірімдер олимпиадалық резервтер мектебінде шеберлігін жетілдірді. Ұзақ жылдардан бері Қазақстан чемпионатының алтынын ешкімге ұстатпай келеді. 2011 жылы Германияның Дортмунд қаласында өткізілген халықаралық турнирде қола медальға қол жеткізген. Одан басқа Қазақстан мен Ресей жарыстарында бірнеше мәрте жүлдегер атанған. Элизабет 2014 жылғы Сочи Олимпиадасына қатыса алмағанымен, ашылу салтанатында өнер көрсетті. Үстіміздегі жылы Оңтүстік Кореяда өткен Олимпиадада Қазақстан намысын қорғады.
Мәнерлеп сырғанаушының бұл жетістіктері біраз жасқа үлгі. Сыр өңірінің халқы жас болса да әлемдік деңгейде өнер көрсетіп жүрген Элизабетпен мақтанады. Алдағы уақытта ол секілді әлі талай саңлақтар шығары сөзсіз.
Элизабет қыркүйек айынан бастап сегіз халықаралық жарысқа қатысуды жоспарлап отыр. Соның ішінде 2019 жылдың 2-12 наурыз аралығында Ресейдің Красноярск қаласында өтетін XXIX қысқы Универсиадада студенттер арасында алғашқы мәрте бағын сынамақ. Одан кейін 12-24 наурыз аралығында Жапонияда болатын әлем чемпионатында ел намысын қорғайды.

Жарасхан ҚУАНЫШБАЙҰЛЫ.