ЖАНАРДЫҢ ЖАҢАШЫЛ ЖОБАСЫ
Кәсіпкерлер палатасында сұранысқа ие жобалардың бірі – «Бизнес-кеңесші» оқу курсы. Өткен жылдың өзінде «Бизнес-кеңесшінің» аясында 800 адамды оқыту жоспарланса, іс жүзінде 1555 қызылордалық біліктілігін арттырды.
Жыл басталғалы 1773 азамат осы игілікті шараның шарапатын көрді. Оның ішінде 758 қызылордалық облыстық әкімдік жариялаған инновациялық жобаларға арналған гранттарға қатысушылар болып табылады. Қазірдің өзінде 1600 адам «Бизнес-кеңесшіні» оқуға кезекте тұр.
Осы жобаға қатысқан азаматтар арасында биылғы жылдың 6 айында 244 азаматтың жалпы құны 364,2 млн. теңгені құрайтын жобалары қаржы алды. Аталмыш оқу курсына қатысушылардың бірі – Жанар Шаутеева. Бұрын Жанардың қолдан сыйлық жасау (handmade) – жеке хоббиі еді. Ол жұбайымен бірге халыққа ерекше сыйлықтар ұсынуды ойластырып, фанерден лазермен әрлеу арқылы жасалған түрлі бұйымдар шығара бастайды.
Халықтың сұранысын байқаған Жанар қызығушылығын кәсіпке айналдыруды ойлады. Кәсіпкерлер палатасында «Бизнес-кеңесші» оқу курсына қатысып, кәсіпкерлік әлеміне бағыт алған олр өз идеясын инновациялық грантқа ұсынды. Нәтижесінде грант иегері атанып, берілген қаражатқа осы бұйымдарды жасап шығаруға қажетті құрал-жабдықтар сатып алды. Қазіргі уақытта түрлі ұлттық көрмелерге қатысып, өз бұйымдарын ұсынып жүрген жас кәсіпкер мемлекеттің беріп жатқан көмегіне дән риза.
«Біз ең алдымен өз көзқарасымызды өзгертуіміз керек екен. Жақсы ойлар нәтижелі жұмыстың негізі болатынына көзім жетті. «Бизнес-кеңесші» курсына қатысып, кәсіпкерлік негіздері туралы ақпарат алдым. Содан кейін қызығушылығымды кәсіпке айналдыру мақсатында жобамды инновациялық грантқа ұсындым. Грант иегері атанғаныма қуаныштымын», - дейді Ж. Шаутеева.

Балдырған МӘМЕН,
облыстық кәсіпкерлер палатасының
баспасөз қызметінің маманы.