Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ТӘРТІП САҚШЫЛАРЫ АЛАЯҚТЫҚПЕН КҮРЕС ЖҰМЫСТАРЫН КҮШЕЙТУДЕ

   Қызылорда облысының тәртіп сақшылары қылмыспен күресте жақсы нәтижелерге қол жеткізіп, қылмыстың алдын алу шараларын жоспарлы жүргізуде. 2018 жылдың 7 айында Қызылорда облысы бойынша 418 алаяқтық қылмыстары тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда -3,2 пайызға азайған. Алайда, соған қарамастан соңғы кезде облыста өзгенің меншігін алаяқтық жолмен иелену арқылы азаматтардың құқына қол сұғу деректері орын алуда. Көп жағдайда алаяқтар нарықтық экономика жағдайына бейімделіп, «жеңілдікпен ірі көлемде несие, кезектен тыс арзан бағамен мемлекеттік пәтер, жер алып беремін, тендерден ұтып беремін, жалақысы жоғары қызметке, жұмысқа тұрғызамын және т.б. түрлі желеулермен тұрғындарды алдай, сенімдеріне кіре отырып,  қылмысқа барып жатады.
Тіркелген алаяқтық қылмыстарын талдасақ, қарызға ақша алып қайтармағандар - 27, несие алуға көмектесемін дегендер - 39, кезексіз жер алып беремін дегендер  - 7, кезектен тыс пәтер алып беремін - 93, интернет желісі немесе ұялы телефон арқылы сенімге кіріп, есеп шотына ақша салдырғандар саны -41 құрап отыр.
       Осы жәйтті тарата отырып, алаяқтық қылмыстардың кейбіріне тоқтала кетсек. Жұмысқа тұрғызуға көмектесемін деп алаяқтық жасалу дерегі көп орын алуда. Мысалы, Қызылорда қаласының тұрғыны педагогикалық колледжіне түсіруге көмектесемін деп 3 адамнан 200 000 - 250 000 теңгеден алдап алып, уәдесінде тұрмаған. Бұл жерде, жәбірленушілер күдікті тұлғаның үлкен жастағы адам екен деп сеніміне кірген. 3 қылмыстық іс біріктіріліп сотқа айыптау актімен жолданған. Қария жасқа келген күдікті сот үкімімен 2 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.
Алданудын бір себебі, халық көбінесе балгерлермен, дуаны алып тастаймын деген тәуіптерге де алдану деректері орын алып жатыр. Мысалы, Жаңақорған ауданының азаматшасы ауыл тұрғынынан бал ашып «жол жеңілдетіп беремін, байып кетесін, ажалынан сақтанасын» деп алдап, сеніміне кіріп, бірнеше рет ақшасын иемденіп, жалпы 8 853 000 (сегіз миллион сегіз жүз елу үш мың) теңге ақшасын алдап алған. Аталған алаяқтық дерегі сотта қаралып, күдікті 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасына сотты болған.
Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық жасағаны үшін 162 тұлға ұсталып, оның ішінде 109-і әйелдер болып отыр. Алаяқтық қылмысының ашуда орын алатын мәселе - ол жәбірленушілердің кеш арыздануы. Ағымдағы жылдың 7 айында алаяқтық қылмысы бойынша 26 азамат құзырлы органдарға кеш арызданған. Яғни, 1 жылдан аса уақытта - 16, 2 жылдан аса уақытта - 8, 3 жылдан кейін - 2. Бұл тұста тек алаяқтар туралы ғана емес, кей азаматтардың жеңіл пайда табуға, мәселені шешудің оңай жолын іздеуге бейімдігін, құқықтық сауаты төмендігін де айта өтуіміз керек. Міне, осы жәйт олардың алаяқтың арбауына түсуіне мүмкіндік ашады.
Бүгінгі күнге алаяқтық қылмыстарының алдын алу, болдырмау бағытында іс-шаралар атқа¬рылуда. Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы облыс тұрғындарына түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, алаяқтардың  арбауына түсіп қалмау жайлы қандай сақтық шараларын сақтау керектігі түсіндірілуде.Осы мақсатта халыққа қызмет көрсету орындары мен базарларда, сауда орталықтарында плакаттар жапсырылып, жаднамалар таратылды.Осы бағытта «Алаяқтардан сақтаныңыз» деген үндеумен бейнеролик әзірленіп, Қызылорда қаласында орналасқан «LED» экраны арқылы жарыққа шығуда.  Қызылорда облысының ішкі істер департаменті облыс тұрғындарына алаяқтардың құрбанына айналмас үшін қарапайым ғана ұқыптылықты ұстану, жоғары кепілдік кірісінің уәделеріне сенбеу және ақша, бағалы заттар мен мүлікті күмәнді адамдарға немесе компанияларға тапсырмау керектігін ескертеді.  
Сонымен қатар, алаяқтық фактілері орын алған жағдайда тез арада полицияға хабарлауды естен шығармағаныңыз абзал. Алаяқтықпен күресті бүкіл ел болып жүзеге асыруымыз керек. Бұл – баршаға ортақ іс.




Қызылорда ОІІД Баспасөз қызметі
15 тамыз 2018 ж. 1 295 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам