РУСТАМ ЖҮРСІНОВ БИЗНЕСКЕ ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАРҒА НАЗАР АУДАРДЫ
Форумның негізгі сессияларының бірі «Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және бизнес жүргізудің этикасы: кейстерді талқылау және ұсыныстар» тақырыбында ұйымдастырылды.
Бұл сессияға «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Рустам Жүрсінов қатысты. Басқарма Төрағасының орынбасары баяндамасында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылғалы бері 21 280 өтінім түскенін атап өтті.
Өтінімдердің 40%-ға жуығы оң шешімін тауып, кәсіпкерлерге миллиардтаған теңге қайтарылды. Шағымдар бойынша мемлекеттік органдар арасында бұрынғыдай санитарлық-эпидемологиялық қызмет алғашқы орында.
Рустам Жүрсінов бүгінде «Атамекеннің» алдына қойған міндеті дауға дейін жеткізбей, мәселелерді сотқа дейінгі тәртіпте шешу, арбитражды қарау жүйесін тарату екеніне назар аударды.
«Біз Қазақстанның барлық өңірінің мәселесін шоғырландырамыз. Жергілікті жерде шешілетін өңірлік мәселелер бер, сондай-ақ біз бақылауда ұстайтын мәселелер де бар. Жыл сайын мемлекетке қандай мәселелер орын алатындығын айтып келеміз. Құрылыс, медицина саласында түйткілдер өте көп. 22 қараша күні ҚР Премьер-министрімен есептік сессия өтеді деп жоспарланған, сол жерде осы мәселелер туралы айтамыз. Мәселелерді талқылауға ұсынбасақ, олар шешілмейді», – деді «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Басқарма мүшесі баяндамасында Ұлттық палата жүйелі мәселелердің жалпы санынан 64% шешілгенін, 148 мәселе шешілу үстінде екенін атап өтті.
«Қыркүйек айында Ресей мен Қазақстан бизнес-омбудсмендерінің форумы өтті. Борис Титовты шақырдық, Ресейдің барлық өңірінен келген бизнес-омбудсмендермен кездестік, тәжірибе алмастық. Форум барысында ҚР Бас прокуратурасымен Келісімге қол қойдық. Аталған келісімге сәйкес Бас прокуратура бизнестің жүйелі мәселелерін шешуге қатысу бастамасын көтерді», – деді Рустам Жүрсінов.
Лицензиялар мен рұқсаттардың саны 72%-ға азайды. Бұл бағыттағы жұмыс әлі де жалғасын тауып келеді.
«Биыл мемлекеттік органдардың бақылау-қадағалау функцияларын назарға алдық. Қазіргі таңда 61мемлекеттік органның кәсіпкерлерді тексеруге құқығы бар, оларға 544 бақылау функциясы берілген және кәсіпкерлерге 28 мыңнан астап талап қояды. Сандар үсті-үстіне өсіп отырады. Ұлттық кәсіпкерлер палатасында әкімшілік кедергілермен жұмыс жөніндегі департамент бар, олар осы мәселемен тұрақты түрде айналысады. Қазіргі таңда бақылау функцияларын қысқарту жүріп жатыр. Алға қарай кезең-кезеңімен жылжу керек. Біз тексеруді профилактикалық қадағалауға қайта қалыптастыруды ұсындық», – деп хабарлады «Атамекен» ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары.
Күтілетін өзгерістерге сәйкес келесі жылдан бастап тексеру нәтижесі бойынша бақылаушы орган кәсіпкерлерді жауапқа тарта алмайды – ол анықталған заң бұзушылықтарды жоюға қатысты ұсыныстар беруге міндетті. Аталған заң бұзушылықтарды жоймаған жағдайда ғана кәсіпкерлерді жазаға тарта алады.
«Әкімшілік кодекс бойынша ауқымды жұмыс атқарылып жатыр. Талаптарды 50%-ға азайту, тексеру санын 30%-ға қысқарту мақсатты индикаторлар болып табылады», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.
«Атамекеннің» басымдық танытқан міндеттерінің бірі – нормативті актілердің жобаларына талдау жасау. Бұл нормативті актілерді қабылдау кезінде кәсіпкерлердің пікірін ескеруге мүмкіндік береді.
«Мемлекеттік органдар жұмыс тәртібінде немесе нормативті-құқықтық акті жобасын екінші рет бағыттау жолымен Ұлттық палата берген ескертулер мен ұсыныстардың жалпы санынан 75%-ын жойды», – деп түсіндірді Рустам Жүрсінов.
Басқарма Төрағасының орынбасары бизнес тарапының жаңа Салық кодексін дайындауға қатысқаны үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігіне алғыс білдірді.
«Кодекс мінсіз деп айта алмайтын, бірақ біз негізгі деп санаған нақты дүниелерді бекітті. Бұл тиісті серпіліс береді деген үміттемін. Жаңа салық кодексінің ерекшелігі неде: салық тқлеушінің адалдық қағидасы енгізіледі. Салық төлеушілердің барлығы да адал деп танылады», – деп атады спикер.
Мұнымен қоса, мемлекеттік функцияны бәсекелік ортаға мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру маңызды мәселелер қатарында.
«Мемлекетті алсақ, ол қатаң құрылым. Оның шамамен 15 000 функциясы бар, олардың кейбірін нарыққа беруге болады. Ұлттық палата сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдарды шоғырландырады. Бізде әрбір салаға қатысты 16 комитет бар, өзін-өзі реттеу ұйымдары үшін 17-комитетті құрдық және осы ұйымдармен жұмыс істеуді бастадық. Өзін-өзі реттеу ұйымы дегеніміз – цех бойынша, өндіріске қарай бірігу», – деп атап өтті Рустам Жүрсінов.
Қосымша айтар болсақ, Қазақстан корпоративті заңгерлерінің ХІІ форумына қатысушылар сонымен қатар, нақты кейстерді талқылап, қолданбалы шеберлік-сыныптарына қатысады және отандық және шетелдік озық компаниялардың білікті заңгерлері тәжірибелік ұсыныстар береді.
Форум нетворкинг алаңына айналып отыр, іскерлік байланысты қалыптастыру мен жаңа қарым-қатынас орнатудың таптырмас құралы.
www.atameken.kz