Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕЛІМІЗДЕГІ ЖОО-ЛАР ДАЙЫНДАҒАН МАМАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ РЕЙТИНГІ БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ

ЕЛІМІЗДЕГІ ЖОО-ЛАР ДАЙЫНДАҒАН МАМАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ РЕЙТИНГІ БОЙЫНША БАҒАЛАНАДЫ

Бұдан былай елімізджегі жоғарғы оқу орындары өздері дайындаған жас мамандардың жұмысқа орналасу рейтингісі бойынша бағаланады.
Егер көрсеткіш төмен болса, онда білім ордасы сол мамандық бойынша оқыту лицензиясынан айырылады. Тамыз конференциясында Білім және ғылым министрі осылай деді. Ерлан Сағадиев биыл 17 лицензия кері қайтарылғанын атап өтті. Келер жылдан бастап колледждер де тиісті бағалаудан өтеді. Тағы бір жаңашылдық оқушыларға қатысты. Биыл Астанада мектептердің барлығы атап айтқанда, 74 мемлекеттік және 11 жекеменшік білім шаңырағына жаңа оқу жылынан бастап... жан басына қаржыландыру механизмі енгізіледі. Ал, республика бойынша бұл жүйеге толығымен көшу 2021 жылы аяқталуы тиіс. Орташа есеппен 1 жылдық оқыту бағасы 220 мың теңге. Осы тұста айта кеткен жөн, оқушылар мектепке тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелуге міндетті емес. Қалаған білім шаңырағында оқи алады.
Ерлан Сағадиев, ҚР Білім және ғылым министрі:
- Жан басына қаржыландыру өте маңызды мәселе. Жергілікті атқарушы органдарға осыған назар аударуды сұраймын. Себебі республикалық бюджет есебінен жыл сайын 110-180 мектеп салынады. Алайда 3 аусымды және апатты мектептердің проблемасын сақталуда. Жан басына қаржыландыру арқылы жекменшік компанияларды мектептерді салу жұмысына тратуды бүгіннен бастап қолға алу қажет.
Сондай-ақ биылдан бастап 3-сынып оқушыларына информатика пәні оқытылады. Ал кейінгі жылдары бұл пәнді 1-сыныптан бастап енгізу көзделіп отыр. Қазір тиісті бағдарлама түзілуде. Бұл «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын іске асыру мақсатында қолға алынды. Айтпақшы биыл әр оқушы мектепте ғана емес, үйде де цифрлық ресурстардың көмегіне жүгіне алады. Ол үшін әр шәкірте жүйеге кіруге мүмкіндік беретін жекелей «логин» беріледі. Ресурстарды тегін пайдалануға болады.
Ерболат Досаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары:
- Білім мен ғылымның, ғылыми-техникалық және басқару элитаның деңгейі әрқашан қоғамдағы түбегейлі өзгерістердің қозғаушы күші болып келді. Сол себептен ҚР Президенті төртінші өнеркәсіптік революзия жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері жолдауында адами капиталды дамыту басым бағыт болып белгіленген.

www.24.kz

19 тамыз 2018 ж. 1 090 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам