ҚАЛДЫҚТАРДЫ СҰРЫПТАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Жаңа полигон Белкөл кентінен 4 шақырым қашықтықта орналасады. Аумағы - 20 гектар. Жылына 60 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтар сұрыпталады.
Облыстық бюджеттен 300 млн теңге бөлінген, мамандандырылған техника мен жабдықтарға тапсырыс берілген.