Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ КЕҢЕЙЕДІ

АУДАННЫҢ ШЕКАРАСЫ КЕҢЕЙЕДІ

 Бірер жылда Қазалы ауданы мен Әйтеке би кентінің арасы қосылады. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазалы ауданының әкімі Мұрат Ергешбаев мәлімдеді.
Ауданда 5 жаңа қоныстану аймағы игеріліп жатыр. Өткен жылы инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген Әйтеке би кенті мен Басықара автожолы бағытындағы 56 гектар жер учаскесінен тұрғын үй салу үшін 200 адамға жер берілді. Қазіргі таңда аудан орталығынан 180 және 210 гектар жер учаскелеріне жол салу, электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүруде.
"Қазалы қаласы бойынша да көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстары басталды. Сонымен қатар, 81 гектар жер учаскесі бойынша да жобасы әзірленіп, қаржыландыруға ұсынылды. Бұл мақсатқа биыл республикалық бюджеттен 761 млн. теңге бөлініп отыр.Осы жұмыстардың нәтижесінде алдағы уақытта 3 мыңға жуық адамтұрғын үй салу үшін жер алатын болады. Алда кент пен қала қосылып, үлкен орталыққа айналмақ", - дейді Мұрат Нәлқожаұлы.
Сонымен қатар, ауданда тұрғын үй құрылысы қарқынды. Бүгінде баспана кезегінде 660 адам тұр.
Биыл «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 6 көпқабатты үйдің құрылысы басталды. Алдағы уақытта қала мен кент аралығынан тұрғын үйлер салынады.
Бұл біріншіден, жер кезектілігін азайтса, екіншіден, тұрғын үй бойынша да өтініштердің санын төмендетуге мүмкіндік бермек.
Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы шеңберінде бюджеттен 323 млн. теңге бөлініп, 100 жас маман тұрғын үй сатып алды. 2018 жылға осы бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алу үшін 182 млн. теңге қаржы қаралып отыр.
14 ақпан 2018 ж. 1 612 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам