Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АПАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

АПАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙЛЕР МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

   Бүгінгі таңда Қызылорданың әлеуметтік-экономикалық маңызды мәселелері кезең-кезеңімен шешімін тауып, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуда біршама жұмыстар атқарылды. Облыс орталығының инженерлік, коммуналдық инфрақұрылымын дамытуда, жол сапасын жақсартуда кешенді шаралар қабылданып, қала қарқынды құрылыс алаңына айналды.
Осыған орай, қалалық мәслихат депутаттары облыс орталығының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығының қазіргі жағдайы мен одан әрі дамыту шаралары тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. Жиында қалалық мәслихаттың жоспарланған кезекті сессиясында қаралатын коммуналдық сала мәселелері бойынша ұсыныстар кеңінен талқыланды.

Дөңгелек үстел отырысына төрағалық еткен қалалық мәслихат хатшысы Роза Боханова жылу, ауыз су және кәріз жүйелерін жаңғырту бағытында атқарылып жатқан шараларға тоқталды. Ауыз сумен қамтуда көпқабатты үйлердің 4-5 қабаттарына су көтерілмеуі секілді мәселелер жиі кездеседі. Бұған дейін халық қалаулылары рейд шаралары кезінде салада атқарылып жатқан жұмыстармен кеңінен танысқан еді.
Бұл бағытта атқарылып жатқан жұмыстар жайында қала әкімінің орынбасары Берік Сәрменбаев хабарлама жасады. Ол негізгі мәселенің бірі – санитарлық тазалық екенін атап өтті. Қала ішіндегі көпқабатты үйлер мен шетте орналасқан мөлтек аудандарда жиналған қоқысты тазалау толық жолға қойылмай келеді. Қазіргі бөлінген қаржы қаладағы 284 көшеге қызмет көрсетуге жетеді. Қала әкімінің орынбасары қосымша қажет қаражат көлемін нақты есептеп, ұсыныс дайындалатынын жеткізді.
Қалада апатты жағдайдағы тұрғын үйлердің мәселесі толық шешілген. Жиында хабарлама жасаған тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Марат Жарекеткенов көпқабатты үйлерді қайта жаңғырту шаралары туралы кеңінен баяндады. Үкіметтің «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы» аясында қала бойынша 3 млрд 200 млн теңгеге 123 көпқабатты тұрғын үй күрделі жөндеуден өткен.
Былтыр республикалық, облыстық, қалалық бюджеттен қала инфра­құрылымын дамытуға барлығы 3 млрд 376 млн теңге бөлінді. Ауызсу, кәріз жүйелері мен ғимараттарын қайта жаңғырту инвестициялық бағдарламасына сәйкес, облыстық бюджеттен қоса қаржыландыруға 61 млн теңге, Ұлттық қор есебінен 545 млн теңге бөлінді. Былтыр «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы Республикалық бюджеттен бөлінген 3 млрд 44 млн теңгеге қаламызда 34,4 шақырым ауызсу, 7,8 шақырым кәріз су құбырлары қайта жаңғыртудан өтті. Ауызсу инфрақұрылымын дамытуға 16 млрд теңгеге жуық қаржы тартылды. Қазіргі таңда республика бойынша қалаішілік су құбырлары 70 пайыз толық жаңартылған, толығымен таза жерасты ауызсуын тұтынып отырған бірден-бір шаһар – Қызылорда.
Қаламызда жылу желілерін жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Магистральді жылу желілерін жаңартуға 8 млрд. теңгеден астам қаржы жұмсалды. Жылу жүйелері мен қазандықтарды ағымдағы, күрделі жөндеуден өткізу бағытында тиісті жұмыстар атқарылды.
Сонымен қатар, 150 гектар жер учаскесінің инженерлік инфра­құрылымын салуға қажетті жоба-сметалық құжаттар дайындалып, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Биыл осы аумақтың электр желілері құрылысына республикалық бюджеттен 300 млн. теңге және сыртқы сумен жабдықтау желілерінің құрылысына 655 млн. теңге бөлінді. Бұл жұмыстар толық аяқталған уақытта 1200-ден астам адам жер телімімен қамтамасыз етіледі.
Сондай-ақ, бұған дейін шешімі табылмай келген мәселе – тұрмыстық қалдықтар полигоны жыл аяғына дейін ашылатын болды. Ол үшін бұрынғы полигоннан 3 шақырым жерден 20 гектар жер бөлінген. Жоба аясында 300 млн. теңгеге қажетті құрал-жабдықтар алынып, полигон аймағынан скважина орнатылған. Қазіргі таңда іргетасының орны дайындалуда.
Мұнан соң жиында қала тұрғындары мен депуттардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды. Аталған мәселелер қалалық мәслихаттың кезекті сессиясында қаралатын болады.



Биболат Сағындықұлы
07 тамыз 2018 ж. 1 344 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам