“7-20-25” АТЫН ЖАМЫЛҒАН ЖАЛҒАН ЖАРНАМАЛАР ТАРАП ЖАТЫР
"Баспана" ипотекалық ұйымының сыртқы коммуникациялар қызметі "7-20-25" бағдарламасының атын жамылған жалған жарнамалар таралып жатқанын ескертті.
Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері “7-20-25” бағдарламасымен несие бере алмайды.
“Интернетте “0-20-25”, “5-19-25”, “5-10-25” сынды түрлі акциялар пайда болды. Олардың шарттары “7-20-25”бағдарламасының шарттарына мүлдем сәйкес келмейді, бұл бағдарламалардың бізге еш қатысы жоқ. Кейін түсініспеушілік болмау үшін халықты мұндай акция мен жарнамадан сақ болуға шақырамыз”, – деді ұйым өкілдері.“7-20-25” бағдарламасы бойынша ипотекалық несиені тек қана Центркредит, АТФБанк, Цеснабанк, Bank RBK мен Еуразиялық банк бере алады.
Ал құрылыс компаниясы немесе тұрғын үй кооперативтері “7-20-25” бағдарламасымен несие бере алмайды.
“Қазір “7-20-25″ бағдарламасының шарттары нарықтағы ең тиімді ұсыныс болып отыр. Сондықтан, түрлі компаниялар президенттік бағдарламаның атын жамылып, өз өнімдерін өткізуге ұмтылып жүр. Біз нарықтың дамуын қолдаймыз, алайда олай халықты алдауға түбегейлі қарсымыз”, – дейді “Баспана” Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.baribar.kz