ДОНОРҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР
Донор - өз қанын, онымен бірге науқасқа – денсаулық, өлім аузындағы адамға - өмір сыйлайтын адам. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекстің 165-бабына сәйкес, 18 жастан асқан дені сау, медициналық тексерістен өткен және қарама-қарсылықтар жоқ, медициналық мақсаттар үшін қан және оның құрылымдарын тапсыруға ерікті тілек білдірген кез келген адам донор бола алады.
Қан тапсырар алдында мынаны білу керек: ҚР ДСМ бұйрығы негізінде донорларды қабылдау жеке басын куәландыратын құжаттар немесе мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін әскери есепке алу құжаты болған кезде ғана жүзеге асырылады. 18 жасқа толған тұлғалар донор болуы мүмкін.
Донордың салмағы кемінде 55 кг болуы тиіс. Донациялау күндері және қан және оның компоненттерін тапсыру күнінен бір күн бұрын донорларға: майлы, қуырылған, ащы, сүрленген тағамдар, сүт өнімдерін жеу процедураға дейін екі тәулік бұрын ішімдік ішу процедураға дейін үш тәулік бұрын аспирин, анальгин, құрамында анальгетиктер бар басқа да препараттарды қабылдау процедураға дейін кемінде бір сағат бұрын темекі шегу ұсынылмайды Донор барлық бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы өзінде бұрыннан бар немесе ауырған аурулар туралы, сондай-ақ есірткі затттары, психотроптық заттар және прекурсорларды пайдалану туралы осы мәліметтердің барлығын хабарлауға міндетті. Донор ақысыз түрде немесе белгілі бір төлем үшін қан тапсыра алады. Қан тапсырар алдында донор міндетті тегін медициналық тексерістен өтеді.
Донорлық қызметті жүзеге асыру үшін денсаулық жағдайы туралы анықтамалар мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін беріледі. Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы кодекске сәйкес, медициналық тексеріс және қан және оның компоненттерін тапсыру күндері, донор болып табылатын қызметкер орташа еңбекақының сақталуымен жұмыстан босатылады. Донорлық функцияны жүзеге асыратын донор орташа еңбекақының сақталуымен қосымша бір демалыс күн тегін алады. Егер донор жұмыс берушімен келіскеннен кейін қалауы бойынша жұмысқа кіріссе, басқа күн беріледі немесе бұл күн қалауы бойынша жыл сайынғы еңбек демалысына қосылуы мүмкін.
Егер донор әскери қызметкер болса, қан тапсырған күндері жасақтардан, вахталардан және қызметтің басқа нысандарын атқарудан босатылады, ал студенттер, оқушылар оқудан босатылады. Донорлық қызметті тегін жүзеге асыратын донор қан тапсырғаннан кейін ағзадағы энергия шығындары мен өз қанының көлемін толықтыру үшін таңдау бойынша тегін тамақ немесе оның ҚР Үкіметімен белгіленген 0,25 АЕК мөлшерінде оның ақшалай баламасын алады.
egov.kz