Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЫЛЫТУ ПЕШІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕСІ

ЖЫЛЫТУ ПЕШІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕСІ

  Пештер мен мұржаларды тазалап, жөндеп, әктеп, жарылған жерлерін сылап тұру керек. Түтін жолдары мен мұржалары зақымданған және қабырғасы жарылған пештерді пайдалануға жол берілмейді. Пеш пен түтін құбырының арасын қосып тұрған орындары ағаш шатыр мен аралық жабындарына тимейтіндей етіп, қалыңдау етіліп, кірпіштен қалануы қажет.
Пештер мен каминдерде өртке қарсы нормалармен белгіленген ережеге сәйкес ара қашықтығы мен бөлігі болуы тиіс – мұржаның ішкі ара қашықтығы ғимараттың жанғыш элементтерінен кем дегенде 50 см-ге дейін және ғимарат конструкцияларынан 38 см дейін қашықтықта болуы керек. Оған қоса қорғалған жанбайтын материалдармен, отқа төзімді қалыңдығы 12 см кірпіштен жасалған болуы қажет, пеш пен жанғыш қабырғаларының арасы 20-50 см болуы тиіс.
Жанып жатқан пешті қараусыз қалдыруға және оның қасына жас баланы тастап кетуге болмайды. Пештерді жағу үшін жанғыш және тез тұтанатын сұйықтықтарды қолдануға болмайды.
Өрт оқиғасы орын алмас үшін пеш алдындағы ағаш еденге өлшемі кемінде 50х70 см металл немесе қаңылтыр төсеу қажет. Пешті қатты қызып кетпес үшін күніне бір жарым сағат көлемінде екі-үш реттен артық емес уақытта жағу ұсынылады.
Ғимараттар мен құрылыстарда (тұрғын үйлерді қоспағанда) пеш жағу барысы жұмыс аяқталуға кем дегенде 2 сағат қалғанға дейін тоқтатылуы тиіс, ал емханаларда және басқа да нысандарда тәулік бойы адамдар болатындықтан науқастардың ұйқыға жатар алдында кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы керек.
Балалар мекемелерінде балалардың күндіз мекемеде болуына орай олар келгенге дейін кемінде 1 сағат бұрын жағылып болуы қажет.
Тауарлар, стеллаждар, витриналар, сөрелер, шкафтар және басқа да құрал-жабдықтар пештен кемінде 0,7 метр, ал оттық саңылауларынан - 1,25 метрден кем емес қашықтықта орналасуы тиіс. Металл пештерді пайдалану кезінде құрал-жабдықтар металл пештерді дайындаушы-кәсіпорынның нұсқаулығына сәйкес металл пештен кемінде 2 метр қашықтықта орналасуы тиіс.
Жанған оттан шыққан күл мен шоқ сумен сөндіріліп, арнайы бөлінген қауіпсіз орынға шығарылады. Пеш қабырғасында жарылу орын алмас үшін мұржаны мезгіл-мезгіл күйе мен ыстан тазартып тұру керек. Жылу беру маусымы алдында және жылыту кезеңінде мұржаны және пешті ұдайы күлден тазалап отыру қажет.


Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік тіл және ақпарат тобы.
04 қаңтар 2018 ж. 1 845 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 422 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам