ЖЕМІС-ЖИДЕК ПЕН КӨКӨНІСТІ МҰЗДАТҚЫШТА ҚАЛАЙ САҚТАУ КЕРЕК?
Жаз маусымы аяқталғанша жеміс-жидектерді балғын күйінде қалай сақтауға болады? Lifehacker.ru сайтының кеңестерін ұсынамыз.
Қызанақ та езіліп кететін көкөніске жатады. Бірақ бұл оны тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға кедергі келтірмейді. Күнделікті сорпа мен тұздық үшін қызанақты төртбұрыш етіп, ал пицца үшін дөңгелек етіп турап, сақтап қойған өзіңізге ыңғайлы болады.
Баклажан мен кәдіні дайын күйінде сақтаған жақсы. Оларды турап, суға қайнатып немесе майға қуырып алыңыз. Артынша бірнеше бөлікке бөліп, контейнерлерге салыңыз.
Түрлі түсті қырыққабат пен брокколи қатты болып қалмас үшін, оларды жақсылап тазартып, бөліп, ыстық суға 1-2 минутқа салып қойыңыз. Одан соң кептіріп, мұздатқышқа салуға болады.
Болгар бұрышын бүтін күйінде де, кесіп те сақтауға болады. Егер бұрыштың қажетсіз бөлігін айналдырып кесіп тастасаңыз, тартылған ет мен күріш салып пісіруге дайын болып тұрады.
Сәбізді жуып, қабығын ашып, бүтін күйінде де, үккіштен өткізіп те сақтауға болады. Ал қызылшаны пісіріп алып, ірілеу етіп үккіштен өткізіп сақтасаңыз, салатқа дайын болып тұрады.
baribar.kz
Жеміс-жидекті мұздатқышта сақтамас бұрын мына ережелерге назар салыңыз
- Тоңазытқышта тек балғын жемістерді сақтауға болады. Жеміс-жидектер ашылған, кесілген, бүлінген болмауы керек.
- Мұздатқышқа салмас бұрын жемістерді жақсылап жуып, толық кепкенше күту керек. Егер жемістердің сырты су болса мұздатқышқа жабысып қалуы мүмкін.
- Жемістерді жеуге дайын болған түрінде мұздатыңыз. Себебі мұздатқышта сақталған жемістер жұмсарады. Сондықтан қабығын ашып, дәнінен тазартып алыңыз.
- Мұздату үшін пластикалық контейнерлерді немесе арнайы қалталарды пайдаланыңыз. Олардың сыртына жемістің атын жазып қоюды ұмытпаңыз. Бұл жемістерді контейнерді ашпай, оңай табуыңызға көмектеседі.
- Мұздатқыштың температурасын -18 градусқа қойыңыз. Мұндай градуста жемістер 12 айға дейін сақталады.
- Маусымдық көкөністі де мұздатқышта сақтауға болады. Мысалы, баклажан мен қызанақ қыста және көктемде екі есе қымбаттайды. Онымен қоса дәмі жаздағыдай табиғи болмайды.
Көкөністі қалай сақтау керек?
Алдымен сақтауға жарамайтын көкөністі атап өтейік. Олар – қияр, шалғам және салат жапырақтары. Көкөністің бұл түрлері мұздатқышта біраз тұрғаннан кейін қою қоймалжыңға айналып, жеуге жарамсыз болып қалады.Қызанақ та езіліп кететін көкөніске жатады. Бірақ бұл оны тағамдарға дәмдеуіш ретінде пайдалануға кедергі келтірмейді. Күнделікті сорпа мен тұздық үшін қызанақты төртбұрыш етіп, ал пицца үшін дөңгелек етіп турап, сақтап қойған өзіңізге ыңғайлы болады.