ЕРЛІКТІҢ ЕҢСЕЛІ ЕСКЕРТКІШІ
Сұлтан Бейбарыс көшесі бойымен қалаға кіреберісте менмұндалап көз алдыңызға үлкен ескерткіш көрінеді. Ол қала көркіне шырай беріп тұр. Бұл ескерткішпен мақтануға әбден болады.
Еңселі ескерткіш қазақ халқының мақтанышы, Тұран топырағының даңқты перзенті Жалаңтөс Баһадүрге арналған. Батыр баба есімін ұрпақ жадында мәңгі есте қалдыру, өнегесін жастарға ұлағат ету мақсатында алып тұғыр орнатылған. Бұл орын ұрпаққа ұлағат сыйлайды. Жібек жолы көшесі мен Сұлтан Бейбарыс көшелерінің қиылысында бой көтерген. Ескерткіштің биіктігі – 11 метр. Оның авторлары елімізге кеңінен танымал мүсіншілер – Нұрлан Далбай мен Қазбек Жарылқапов.

Ескерткіштің биіктігі 4метр, ол қоладан құйылған. Салмағы – 6 тонна. Тұғыры гранитті тастармен қаланып, сырты мрамор тақталармен қапталған. Қазіргі таңда мемлекет қорғауына алынған, ол жергілікті маңызы бар тарих және мәдени ескерткіштер тізімінде тұр. Аталған ескерткішке жыл сайын қала әкімдігі тарапынан ағымдағы жөндеу жүргізіліп тұрады.
Жалаңтөс Сейітқұлұлы жарық дүниеде 80 жыл ғұмыр кешкен. Ел аузында ол жайлы ертегіге, аңызға татырлық әпсаналар жетіп артылады. Ол – өзі жасаған дәуірде халықтың азаттығын ойлап, ерлік көрсетуден еш қаймықпаған нағыз баһадүр. Сондай-ақ, қол астына тек өз ұлтының ұландарын емес, өзбек, қарақалпақ және қырғызды да жинаған. Елдің бірлігі үшін әрқашан ұрысқа дайын тұрып, тағынан таймаған нар тұлға сол ерлігінің арқасында ел үшін туған азамат деген қасиетке ие болды.
Тарих беттерін парақтасақ, Жалаңтөс елін жаудан, дұшпаннан қорғау үшін соғыс өнеріне айрықша көңіл бөлген деседі. Ол 40- тан астам жекпе-жек шайқаста еш тізе бүкпеген. Жеңілудің не екенін білмей өткен әскербасы деген мадаққа ие болған баһадүр қарамағында 10 мыңнан астам атты жауынгер болған. Оларды мылтық, зеңбірек сияқты әскери жарақтармен қаруландырылған. 1644 жылы Пәкістан, Ауғанстан және Үндістанды билеп тұрған Монғол империясы және Бұқар хандығымен тайталасқа түскен. Қарсыласқан жауларына күйрете соққы берген. Ал Бұқар хандығын өзі дүниеден өткенше ашса алақанында, жұмса жұдырығында ұстайды. Жалаңтөстің осындай мәрттігін, қаһармандығын жастарға үлгі етіп, айтып жүргеніміз абзал. Осындай өнегелі істерді танып-білген жас өрендер отанды сүюге, қорғауға тәрбие алары анық.
Тарихтың даңқты бірегей кейіпкерлерінің бірі – Жалаңтөс Баһадүр батырдың құрметіне ашылған ескерткіш облыс орталығындағы тарихи орынға айналып үлгерді. Оған тағзым ету арқылы бүкіл ғұмырын қазақ халқының азаттығына арнаған батыр бабамызға құрметіміз айшықталады.
Айтолқын АЙТЖАНОВА.