Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » СЕКСЕНІНШІ ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕРПІЛІС

СЕКСЕНІНШІ ЖЫЛДАРДАҒЫ СЕРПІЛІС

   Өткен ғасырдың 70-80 жылдарында Қызылорда қаласында  сан алуан өрелі өзгерістер болды. Қызылорда тоғызыншы бесжылдыққа аяқ басты. Бұл кездегі үлкен жетістіктің бірі – облыс орталығында Ғани Мұратбаев атындағы стадионның салынуы. Стадионның салынуына облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Х.Бектұрғанов үлкен еңбек сіңірді.
Х.Бектұрғанов спортқа жанкүйер болды, оған қолдау жасады.  Жергілікті футбол клубы «Мелиораторға» (қазіргі «Қайсар») жаттықтырушы етіп қазақтың тұңғыш атақты кәсіби футболшысы Темір Санжарұлы Сегізбаевты шақырды. 1971 жылғы ел біріншілігінде «Мелиоратор» 6-орынға шықты. Ол – жергілікт клубтың жоғары жетістігінің бірі. Осы уақытта футболшы Әбіл Қалымбетовтың атағы ерекше шықты.
1972 жылы облыс басшылығында өзгерістер болып, Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметіне Исатай Әбдікәрімов келді.
Бұл жылдардағы басты мақсат – облыс орталығынан тоқылмайтын маталар фабрикасын ашу, күріш шаруашылығы машиналарын жасау және жоспарланған электр бұйымдары тауарларының құрал-жабдықтарын шығару, қаражат көздеріне қол жеткізу, арнайы маман жұмысшыларымен қамтамасыз ету болатын.
1972 жылы қыркүйек айында Қызылорда республикалық күріш-ғылыми зерттеу институты ашылып, оның алғашқы директоры Әшім Ыбыраев тағайындалды. 1976 жылы Жамбыл гидромелиоративтік құрылыс институты Қызылорда филиалының және 1977 жылы Қызылорда музыкалық училищесінің ашылуы елеулі мәдени оқиға болды.
1975 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық комитеті мен республика үкіметі теңіздің тартылуына байланысты арнаулы қаулы қабылдады. Осы қаулы бойынша Сырдариядан су тарту үшін 24 қуатты насос берілді. Кеме жөндеу зауыты жаңа кәсіпке бейімделіп, Қызылордадан балық өсіретін су қоймасы салынды.
1977 жылы Орталық комитеттің Қызылорда облысына қатысты қаулысына сәйкес облысқа мемлекеттік жоспарлау комитеті мен бірнеше одақтық министрлік өкілдері келді. Нәтижесінде күріш машиналарын жасайтын зауыттың негізі қаланды. Алайда, одақтық және республикалық басшылар арасындағы бюрократиялық берекесіздіктен зауыттың біржолата қалыптасуына мүмкіндік болмады. Бұл жылдары Құмкөл кен орны зерттеліп, негізі қаланды. Алайда, облыс көлемінде аяқталмаған құрылыс нысандары көбейе түсті.
Сол жылдарда ел аузында тоқырау деген атпен белгілі кезең басталды. Ол шырқау шыңына жетті. Тұрғындардың енжарлығы мен бойкүйездену, немқұрайдылығы байқалып қалатын.
Дегенмен, 80 жылдардың басында қала тұрғындарының әл-ауқатының жақсарды. Облыс орталығында бұрынғы қоржын тамдар жаппай бұзылып, шатырлы үйлерге қатары көбейді.
Клубтарда кинофильмдер қойыла бастады. Мектеп оқушыларына арналған кино күндері болды. Оған оқушылар сынып жетекшілерімен бірге келді. Көрсетілген фильмдер негізінен азамат соғысы мен Ұлы отан соғысы тақырыптарына арналды.


Биболат Сәтжан
21 тамыз 2018 ж. 1 406 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 442 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам