ҚАЗАҚСТАН БІРІНШІЛІГІНДЕ ТҰҢҒЫШ РЕТ КЕНИЯ ЕЛІНІҢ ФУТБОЛШЫСЫ ОЙНАЙТЫН БОЛДЫ
Кения құрамасының шабуылшысы Пол Вере "Қайсар" сапынау ауысты. Бұл туралы қызылордалық клубтың ресми сайты хабарлап отыр. Веренің өзі Nation.co.ke порталына берген сұқбатында "Қайсармен" бір жылдық келісімшарт жасағанын айтты.
"Қайсар" сапына қосылғаныма қуаныштымын. Бір ай бойы Түркия жерінде жаттығу жасап, жаңа маусымға дайындалып жатырмыз. Жаңа маусымды асыға күтіп отырмын. Команданың алдына қойған мақсатына жету үшін қолымнан келгенше көмектесемін. Маған мұндай мүмкіндік берген командаға және команда басшыларына алғысымды айтқым келеді", - дейді Вере.
Веренің соңғы командасы Грецияның үшінші дивизионында өнер көрсететін "Каламата" клубы болды. Грекия жерінде ол екінші лигада өнер көрсететін "Ахарнаикос,суперлигада ойнайтын "Каллони" клубтарында ойнаған. Сонымен қатар ОАР елінде "Амазулу" және өз елінде "Тускер", "Леопардас" секілді клубтардың намысын қорғаған.
Айта кетейік, Вере Қазақстан біріншілігіндегі Кениядан келген бірінші футболшы. 2017 жылы "Қайсар" бірінші болып Бурунди (жартылай қорғаушы Саиди Нтибазонкиза), Сьерра-Леоне (жартылай қорғаушы Джон Камара) және Мартиники (жартылай қорғаушы Матиас Курьор) елдерінен футболшы сатып алып еді.
kaz.vesti.kz/