Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН 82 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 12 071 470 ТЕНГЕНІ ҚҰРАЙТЫН СЫЙАҚЫ АЛҒАН

ЖЕМҚОРЛЫҚ ФАКТІЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАҒАН 82 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ 12 071 470 ТЕНГЕНІ ҚҰРАЙТЫН СЫЙАҚЫ АЛҒАН

Тамыздың бірінші жұлдызында «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қызметтік әдепті сақтау және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» тақырыбында интернет-конференцияда қазақстандықтардың сұрақтарына ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов жауап берген болатын.


Онда Бектенов биылғы жылы коррупция фактілерін атағандарға 12 млн теңге көлемінде сыйақы берілгенін атаған.
Осыған байланысты, Stan.kz жіберген ресми сауалына жауап қатқан агенттіктің айтуынша сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған 82 азамат, барлығы 12 071 470 тенгені құрайтын сыйақы алған.
«Оның ішінде ауыр емес қылмыс туралы 1 азамат, ауырлығы орташа қылмыс туралы 31 азамат және ауыр қылмыстар туралы 50 азамат хабарлаған.
Сыбайлас жемқорлық фактілері дәлелденген әр іс бойынша хабарлаған тұлғалар сыйақылары Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1131 қаулысымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактісі туралы хабарлаған немесе сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда өзге де жолмен жәрдемдесетін адамдарды көтермелеу қағидаларын бекіту туралы» ережелері негізінде қылмыстың ауырлық дәрежесіне қарай төленеді», – дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өкілі.
22 тамыз 2018 ж. 1 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам