Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АГРОСАЛАДА АЙШЫҚТЫ ІСТЕР КӨП

АГРОСАЛАДА АЙШЫҚТЫ ІСТЕР КӨП

Қызылорда облысының ауыл шаруашылық саласында айшықты істер аз емес. Агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына ауқымды инвестиция тартылған. Экспортқа бағытталған 10 іргелі жобаның инвестициялық құны – 7,1 млрд. теңге.
– Қазалы ауданындағы «Сыр маржаны» ЖШС ирандық «Tavooni Faragir Inche Boroun Co» компаниясымен бірлескен ет өңдеу комбинатының құрылысын салу жобасын қолға алды. Оның жылдық қуаттылығы – 2 мың тонна. Ал, Қармақшы ауданындағы «Ақтөбе» ЖШС жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысы жобасын іске асыруда, – деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов өңірлік коммуникациялар қызметінде.
Осы уақытқа дейін агроөнеркәсіп кешенінің негізгі капиталына 11 млрд. теңге инвестиция тартылған. Яғни, соңғы 5 жылда осы салаға құйылған инвестиция көлемі 23 есеге артты. Бұл – біздің ауылшаруашылығы өнімін өндірушілердің қаржылық мүмкіндіктерін көрсетеді. Нәтижесінде бірнеше жыл қатарынан ауыл шаруашылығы өндірісінің өсіміне қол жеткізіп отырмыз.
Облыс әкімінің орынбасары Қызылорда қаласындағы «КазАгроМир» ЖШС-і өткен жылы «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ы арқылы қаржыландырылып, көлемі 2,2 гектар автоматтандырылған кешенді жылыжай құрылысы жайына да тоқталды. Ол жылына 900 тонна томат өндірмек. Сондай-ақ, «Байқоңыр» ӘКК» ҰК» АҚ-ның қатысуымен мал шаруашылығында кооперацияны дамыту бағытында 3 жоба іске асырылуда.
Сондай-ақ, аймақта егін шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасы да нәтижелі жүзеге асуда. Соңғы 3 жылда мал азығы және майлы дақылдар егістігі 6 мың гектарға ұлғайған. Ал, күрішшілер әдеттегі рекордты тағы да жаңартып, бұрын-соңды болмаған егін – 500 мың тоннадан астам күріш астық жинады. Нәтижесінде, жалпы күріш жинау осы жылдар аралығында 2 есеге артты. «Байқоңыр» агрохолдингінің құрылуы аймақтағы күріш кластерін дамытуға ықпал етті. Айта кету керек, Ыбырай Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу институты және бүкілресейлік күріш институты бірлесіп, Қызылорда облысы үшін арнайы күріш сұрыптарын шығаруда.
Арал қаласында да іргелі жобаның бірі жүзеге асуда. Ол – «Аквакультура Ltd» ЖШС-нің жылына 4 мың тонна балық өңдеу зауытының құрылысы. Балық өңдеу зауытына 74 млн.теңгеге құрал-жабдықтары сатып алынды. Бүгінде ғимараттың құрылыс монтаждау жұмыстары аяқталып, инженерлік инфрақұрылым тартылуда.
Сонымен бірге, Қызылорда қаласында «КазАгроМир» ЖШС 2 гектар аумақта автоматтандырылған жылыжай кешенін іске қосу бағытында жұмыс жасауда. Қазіргі таңда 425,1 млн. теңгеге Испаниядан құрал-жабдықтар әкелініп, құрылыс монтаж жұмыстары жүргізілуде. Жоба ағымдағы жылдың қараша айында іске қосылмақ.
Мал шаруашылығында да жағымды жаңалық бар. Бүгінгі мал басының барлық түрлерінің өсімі бойынша көрсеткіштер облыс үшін ең табысты болған 1993 жылдан 43 пайызға асып түсті. Тек соңғы бір жылда ауыл шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару 37%-ға өсті. Оның ішінде күріш экспорты – 39 пайызға, бақша өнімдері - 3,5 есеге, көкөніс - 2 есеге өсіп отыр. 2017-2021 жылдарға арналған Агроөнеркәсіп кешенін мемлекеттік қолдауға байланысты бірқатар жұмыстар осылай өз нәтижесін көрсетіп отыр.



Биболат Сәтжан.
23 тамыз 2018 ж. 1 242 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам