ЖАЛАҒАШТА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ
Жалағаш кентінен және ауылдық округтерден тоқшылықтың тойына деп молшылықтың керуені жеткен. Өнімдер нарықтық бағадан 10-15 пайызға арзандатылып сатылды. Сазды әуенге бөленген алаңдағы қаз-қатар тігілген көліктер мен сөрелерден қажет азығын сатып алушылар лек-легімен келіп жатты.
Жәрмеңкеде болған аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев бағаның қол жетімділігін көріп, тұтынушылар мен сатушыларға сәттілік тіледі. Аудан орталығындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі көптің көңілінен шығып, жалағаштықтар өз алғыстарын білдірді.