АСТАНАДАҒЫ ТОҚШЫЛЫҚ МЕРЕКЕСІ
Үстіміздегі жылдың 23-24 қыркүйегінде Астана қаласында Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтті.
Оған Сыр елінен 270 тоннаға жуық азық-түлік өнімдері жеткізілді. Атап айтсақ тоқшылық мерекесінде 75 тонна күріш, 14 тонна жылқы және сиыр еті сатылды. Сондай-ақ астаналықтарға 1 жарым тонна қымыз бен шұбат сатылды. Жәрмеңкеде Қызылорданың брендіне айналған қауынның 60 тоннасы сатылса, 40 тонна қарбыз екі күнде арзан бағада босатылды. Аралдың 6 тонна балығының сазан түрі сенбі күні түс ауа толықтай сатылды. Сыр салысы жәрмеңкенің алғашқы күні 15 тоннадан астамы өткендігін хабарлады.
Екі күнге созылған жәрмеңкеде астаналықтар азық-түлік себеттерін арзан бағадағы өнімдермен толытырып алды. Қойылған өнімдердің құны бекітілген бағадан ауытқыған жоқ. Сондай-ақ жәрмеңке аясында Елорда халқы Қызылорда өнерпаздарының ән-жырына қанығып, концерттік бағдарламаларға куә болды. Айта кетерлігі Қызылорда облысының ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі биыл Астанада төртінші мәрте өткізілді.