АРАҚ АДАМДЫ АБЫРОЙДАН АЙЫРАДЫ
Базар маңынан өтіп бара жатқан едім. Дүңгіршек қасынан жерде мас болып жатқан кісіні көзім шалды. Үсті-басы шаң-шаң, тұруға да шамасы жоқ-ау, ұйықтап жатыр. Ішімдікке сылқия тойып алғаны сезіліп тұр. Ащы судың кесірінен талай отбасының шырқы бұзылды, талай бала әке мейіріміне қанбай, анасының жылы сөзін естуден қалды.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымы халықтың жан басына шаққанда алкоголь тұтынуының шектi деңгейi жылына сегiз литрден аспауға тиiс деп есептейдi. «Ал одан артық тұтыну ұлттың азып-тозуына, тiптi құрып кетуiне әкелiп соғады» дейдi мамандар. Біздің елiмiздегi әрбiр азамат жылына шамамен 30 литр сыра, 11 литрге жуық спирт тұтынады екен. Кез-келген мейрамхана, кафеде сыраны судай сiмiрiп, арақ ішкен азаматтарды көруге болады. Тіпті, олардың арасында шашына ақ кiрген ата-апаларымызда кездесіп қалады.
Күнделiктi ақпараттар ағынынан біздің еліміздегі әрбiр екiншi қылмыстың арақ ішу салдарынан жасалатынын естіп отырмыз. Iшiмдiкке сылқия тойып алып, өз баласын өлтiрген, мас күйiнде ата-анасына күш көрсеткен пенделер де арамызда кездеседі.
Арақ iшкен адамға ғана кесiрiн тигiзіп қоймайды, ұрпағын да шарпиды. Атақты дәрiгер Альфина Дебруч iшiмдiктiң зияндылығын зерттей келiп «Iшкiлiктi көп пайдаланатын халықта өлiм көбейiп, бала өсiмi күрт төмендейдi. Себебi, дүниеге спирттiң әсерiнен әлсiз ұрпақ келедi. Iшкiлiк себебiнен қылмыстың саны көбейедi. Ұрпағын апаттан сақтап қаламын деген әрбiр саналы адам iшкiлiкке қарсы тұруы қажет» дейді. Сонымен қатар, әйел арақ iшсе, аналық жұмыртқа клеткалары зақымданып, бала кемiс туады екен. Әсiресе, аяғы ауыр кезiнде арақ iшкен әйелдің баласы сөзсіз кемшін болады. Осыған орай, Петербург университетiнде 700 сәбиге зерттеу жүргiзiлген. Соның нәтижесiнде: бiр стакан сыра ана құрсағындағы баланың миына әсер ететіні анықталған. Яғни, ішімдік қолданбайтын әйелдерге қарағанда, арақты аз мөлшерде болса да татып алатын нәзік жандылардан туған сәбилердің – 89 пайызы әлсiз әрі болашақта психикалық дағдарысқа ұшырағыш немесе есту-сөйлеу мүшелері кемiс, аяқ-қол саусақтары қисық, жүрек ауруына шалдыққыш болып дүниеге келеді екен. Сондай-ақ, дәрiгерлер iшімдікті қолдану кезінде пайда болған сәбидің бойынан 850-ден астам аурудың белгілері табылуы ықтимал деп қорытынды шығарған.
Дүниежүзiлiк денсаулық сақтау ұйымының қағидасы бойынша iшiмдiктiң зияндылығы темекiнiң адамға тигiзетiн залалымен пара-пар, ал есiрткiнiң зияндылығымен салыстырғанда, бес есе артық екен. Демек, бұл ащы судың кесірінен адамдар маскүнемдікке қана салынбай, ұрпағымыз азып, болашағымыз бұлыңғыр болып барады.
Бүгінгі күні ішкілікке салыну адам баласының бойындағы ең жаман қасиеттің біріне айналды. Ондай адамда ешқандай абырой, адамгершілік қасиеттердің болмайтыны айтпаса да түсінікті. Әке-шеше, әйел, бала-шағаның қадірін түсінбей, қолына түскен 5-10 теңгесін араққа жұмсайды. Тек соны ғана қажет етіп тұрады. Тіпті, өмірге деген көзқарас, отбасына деген қамқорлық қызықтырмайтындай деңгейге жетеді. Бала – ата - ана алдындағы, ер – әйел алдындағы, әке – бала алдындағы абыройынан жұрдай болады. Осылайша, бір күні шаңырағы шайқалып, жалғыздықтың ауыр қамытын мойнына іледі. Ішімдік ішіп ардан, отбасынан безгенді естіп жаның ашиды.
Пайғамбарымыз: «Арақ мал-мүлікті жояды, ақылды аздырады» деп бұйырған. Айтып отырған ащы суымыз достардың, ағайын-бауырлардың арасында дұшпандыққа себеп болады. Өйткені, Алла тағала Құран кәрімде «Шайтан арақ және құмарда тек араларыңа дұшпандық және іріткі салуды көздейді» делінеді. Осылайша, бүкіл жамандықтың басы осы бір стакан ащы судан келетінін Пайғамбарымыз Құран кәрімде де айтып кеткен. Сондықтан ел боламыз десек ең алдымен халқымыздың тамырына балта шабатын ащы судан аулақ болғанымыз абзал.
Ұрпақтың азғындауына ішімдіктің келтіретін зияны орасан. Арақ ішпеген адам ұрпағын, тіршілігін ойлайды. Ұлттың ертеңiн қалыптастыру бүгiннен басталады.

Айтолқын АЙТЖАНОВА.