Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРҒА ЖЕР УЧАСКЕСІ БЕРІЛДІ

ҚАЗАЛЫЛЫҚТАРҒА ЖЕР УЧАСКЕСІ БЕРІЛДІ

  Бүгін 200 қазалылыққа тұрғын үй салу үшін жер учаскелері табысталды. Олардың барлығы да 2006 жылдан бері жер кезегіне тұрғандар. Шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысып, жер иелеріне құжаттарын табыстады.
Жер учаскесін алған кент тұрғыны Мейрамгүл Оразбайқызы халықтың көкейтесті мәселелерінің бірі шешімін тапқанына қуанышты екендігін, көптен бергі арманының орындалуын тәуелсіздіктің жемісі деп білетіндігін айтып, алғысын білдірді.
Бүгінгі күнге аудан орталығында 5000-нан астам азамат жер учаскесінің кезегінде тұр. Тұрғын үй құрылысын сұрап жазған өтініштер санын азайту мақсатында қазіргі таңда Әйтеке би кентінің бас жоспары бойынша 5 жаңа қоныстану айма5sры игерілу үстінде.
Әйтеке би кентінің 5-квартал аумағынан 210 гектар, Әйтеке би-Басықара автожолы бағытында көлемі 56 гектар және Әйтеке би кенті-Қазалы қаласы аралығынан 180 гектар жерге түбегейлі жоспарлау жобасы жасалды. Бүгінгі күнге Әйтеке би-Басықара автожолы бағытындағы көлемі 56 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету (кірме жол, электрмен жабдықтау) құрылысына барлығы 189,6 млн теңге бөлініп, 200 жер учаскесі пайдалануға берілуде.
Алдағы уақытта қалған 210 және 180 гектар жер учаскелері бойынша тағы 1000-нан астам тұрғынға жер берілмек. Қазір аталған жер учаскелеріне жол салу, электрмен жабдықтау, ауыз сумен қамту, газ жүргізу жұмыстары жүруде.
Ал Қазалы қаласы бойынша өткен жылы көлемі 180 гектар жер учаскесінде салынатын тұрғын үйлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз ету жұмыстарының жоба-сметалық құжаттары әзірленді. Биылғы жылы құрылысы (ауыз су, электр энергиясы, жол) басталады. Сонымен қатар, 81 гектар жер учаскесі бойынша жолдар салу, электрмен, ауыз сумен, газбен жабдықтау жобасы әзірленуде. Бұл екі учаскеден 1000-ға жуық жер учаскесі ашылады.
Жалпы, биыл осы жұмыстардың негізінде үш мыңға жуық қазалылыққа жер беріледі. Болашақта қала мен кенттің қосылуы нәтижесінде бұл орын үлкен орталыққа айналатын болады.
06 қараша 2017 ж. 1 865 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам