Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «ЖАҢА ҚАЛА» ЖОБАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

«ЖАҢА ҚАЛА» ЖОБАСЫ КӘСІПКЕРЛЕРДІ ШАҚЫРАДЫ

  Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасының алаңында өткен бизнес-қауымдастықпен кездесуде Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев айтты. Қала басшысы кездесуде аймақ кәсіпкерлеріне Қызылорда қаласының сол жағалауын дамыту мақсатында қолға алынған «Жаңа қала» жобасын таныстырды.
Сол жағалауды кешенді игерудің 1-ші кезеңі - сол жағалау алаңының және қажетті инфрақұрылымдарының құрылысы 2017-2024 жылдар аралығында жоспарланса, алғашқы қадамы ретінде былтырғы жылы Сырдария өзенінің екі жағалауын байланыстыратын жоба құны 6 млрд теңге құрайтын автомобиль көпірі пайдалануға берілді.
Шарада, қала басшысы кәсіпкерлерді сол жағалауды игеру шараларына белсенді қатысуға шақырды. Ол үшін тиісті әкімшілік қолдау көрсетуге әзір екендігін жеткізді.
«Сол жағалауды игеруде барлық ұсыныстарыңызды қарауға әзірміз. Әкімшілік тарапынан қажетті жағдайды жасауға дайынбыз. Әзірге жерді уақытша пайдалануға беріп жатырмыз. Бір жылдың ішінде құрылыс жұмыстары жүріп, жұмыс басталып кетсе әрі қарай кәсіпкерлерге заңдастырып береміз. Біздің мақсат млрд. теңгеден астам қаржыны талап ететін ірі жобаларды салуда емес. Егер шағын жобаларыңыз болса оны қарастырайық. Келіңіздер! Белсенділік танытыңыздар», - деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.
06 қараша 2017 ж. 1 766 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам