Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҮЗДІК ЗАҢГЕРЛЕР 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

ҮЗДІК ЗАҢГЕРЛЕР 1 МИЛЛИОН ТЕҢГЕ СЫЙАҚЫ АЛДЫ

   Астанада "Үздік жас заңгер-2018" байқауының жеңімпаздары марапатталды.

Жас мамандар “Конституция: құқық үстемдігінің, азаматтық қоғам мен заманауи мемлекеттің құндылықтарын іске асыру” халықаралық конференциясы аясында марапатталды.
Ата Заңымыз өзінің өміршеңдігін көрсетіп отыр. Конституция күні бүкіл Қазақстан халқы үшін үлкен мереке. Конституция – егемен Қазақстанның берік іргетасы, азаттығымыздың айшықты айғағы, құндылықтарды ұлықтаған елдігіміздің киелі кітабына айналған қастерлі құжат. Қасым ханның қасқа жолынан, Есім ханның ескі жолынан, әз Тәукенің “Жеті жарғысынан” бастау алып, жалпы демократиялық принциптерге негізделген Ата Заңымызға биыл 23 жыл толып отыр. Сіздерді алда келе жатқан Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен құттықтаймын,
– деді ҚР Конституциялық Кеңесінің төрағасы Қайрат Мәми.
Байқауға 106 өтінім келіп түскен. Қатысушыларды іріктеуді ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары Игорь Роговтың төрағалығымен қазылар алқасы жүзеге асырды. Қатысушылардың арасында соттар мен прокуратуралардың өкілдері, квазимемлекеттік сектордың қызметкерлері, орталық атқарушы органдар құрылымдарының мамандары, ішкі істер бөлімдерінің қызметкерлері, сот сарапшылары, адвокаттар мен ЖОО-лардың оқытушы құрамы өкілдері бар.
Байқау нәтижесі бойынша, “Заң шығарушылық қызметіне қатысу” аталымында бірінші орынды Сәуле Мектепбаева иеленді. “Заң ғылымдарына қосқан үлесі үшін” аталымы бойынша Муслим Хасенов үздік деп танылса, “Құқықтық білім беру және ағартушылық” аталымында Мирас Дауленов бірінші орын алды. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге ақшалай сыйақы берілді.
baribar.kz
29 тамыз 2018 ж. 1 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам