Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ЭМБЛЕМА ЖАПСЫРУ МІНДЕТТІ МЕ

МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ЭМБЛЕМА ЖАПСЫРУ МІНДЕТТІ МЕ

   Белгілі бір өндірушілердің тиісті мектеп формасын эмблема механизмі арқылы сатып алу талаптары дұрыс емес. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Баспасөз мәслихатында Астанадағы кез келген дүкенде мектеп формасын табу оңай екенін, алайда мектеп эмблемаларын емін-еркін алу қиындық тудыратыны айтылды. Кейбір сауда орындары мектеп формасын сатып алған жағдайда ғана эмблеманы беретін көрінеді. Осы орайда, «балаларды мектепке эмблемасыз жіберуге бола ма?» деген сауал қойылды. «Мектеп басшылығы белгілі бір өндірушілердің тиісті мектеп формасын эмблема механизмі арқылы сатып алуға балаларды мәжбүрлеуге құқылы емес. Менің ойымша, бұл тұрғыда бізге тиісті түсініктемені немесе бұйрықты қабылдау керек. Мәселе реттелгенше, тиісті бір мерзімде  балаларға мектепке эмблемасыз баруға рұқсат ететін құжатты бекіткен жөн. Біздіңше, біреулер «мектеп формасын алған жағдайда ғана эмблеманы аласыздар» деп талап қойса, бұл дұрыс емес. Эмблемалар емін-еркін сатылуы тиіс. Жалпы, бұл мәселені тыңғылықты түрде ретке келтіру керек деп санаймын», - деді Ерлан Сағадиев. Бұдан бұрын хабарланғандай, Білім және ғылым  министрлігі мұғалімдерді ҰБТ-ға қатысу міндетінен босату бастамасын қолдады.
29 тамыз 2018 ж. 1 478 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам