ЕЛІМІЗДІҢ СОЛТҮСТІГІ МЕН ШЫҒЫСЫНДАҒЫ САЛҚЫН АУА РАЙЫ САҚТАЛАДЫ

Хабарламаға сәйкес, суық әрі ауқымды антициклон Қазақстанның басқа өңірлеріне де тарағандықтан, суық ауа райы сақталады. Республика облыстарының көп бөлігінде ауа температурасы климаттық нормадан 3-5°С төмен болады, тек батыста ғана нормадан 2-4°С жоғары болуы мүмкін. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде және таңертең тұман түсіп, жолда көру мүмкіндігі 500 метрден аз болуы ықтимал.