Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУА РАЙЫ: ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ТҰМАН ТҮСЕДІ

АУА РАЙЫ: ЕЛІМІЗДІҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖЕЛ КҮШЕЙІП, ТҰМАН ТҮСЕДІ

   Синоптиктер сәрсенбі, қыркүйектің 6-сына арналған ауа райы болжамын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметттеріне сілтеме жасай отырып.
Кәсіпорынның мәліметтеріне қарағанда, антициклон Қазақстанның облыстарының басым бөлігіне ықпал етеді, соның салдарынан еліміздің басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде аздаған жауын болуы ықтимал. Алайда осы күні республиканың кей аймақтарында жел күшейіп, оның соңы шаңды дауылға да ұласуы ықтимал. Түнде және таң ата елдің бірқатар аймақтарына тұман түседі.
Алматы облысының Жалаңашкөл аумағында желдің жылдамдығы секундына 17-22 метрге, ал екпіні 25 метрге жетеді.
Шығыс Қазақстан облысында кей жерлерде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, күндіз желдің екпіні секундына 23 метрге жетеді. Түнде және таң ата тұман түседі.
Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында түнде және күндіз бірқатар аймақтарда тұман түседі деген болжам бар. Түркістан, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жамбыл облысында желдің соңы шаңды дауылға ұласуы ықтимал. Қарағанды облысында түнде және таң ата кей жерлерде тұман түсіп жел секундына 18 метр жылдамдықпен соғады. Жамбыл облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, кей жерлерге тұман түсуі ықтимал.
Қызылорда, Түркістан облыстары мен Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе және Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.
06 қыркүйек 2018 ж. 1 072 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам