Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » 5 МАМЫР КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ

5 МАМЫР КҮНІ ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАСЫМ БӨЛІГІНДЕ ЖАУЫН-ШАШЫН БОЛАДЫ

Синоптиктер Қазақстанда мамырдың 5-і күні болатын ауа райына болжам жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты жауын-шашын болады. Жауын тек елдің батысы мен оңтүстігіне ғана жаумайды. Республиканың кей жерлеріне тұман түсіп, жел күшейіп, арты шаңды дауылға ұласып, тіпті бұршақ жаууы да ықтимал.
Ақмола, Қарағанды облыстарының бірқатар аумақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Ақмола облысында желдің екпіні секундына 23-28 метр болады, күндіз бірқатар аймақтарда бұршақ жаууы мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды, екпіні 25 метрге жетеді. Күндіз кей жерлерде бұршақ жаууы ықтимал.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің екпіні секундына 23-28 метр болуы мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, күндіз Алматы, Жамбыл, Ақтөбе облыстарында желдың жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарының бірқатар аймақтарында шаңды дауыл көтеріледі.
05 мамыр 2018 ж. 1 494 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам