Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУДА

ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ТИІМДІ ПАЙДАЛАНЫЛУДА

  Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Жолдасбаев БАҚ өкілдерімен брифинг өткізіп, жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстарды саралады.
Қоршаған ортаны қорғауға қызмет ететін басқарманың іске асырған шаралары аз емес. Мемлекет басшысы тапсырған міндеттермен қатар, өңірде шешілуге тиісті мәселелер назардан тыс қалмай келеді. Елбасы еліміздегі суармалы жерлердің көлемін 2 млн гектарға жеткізуді тапсырған болатын. Бұл егіс жайын жақсартып, ауыл шаруашылығының өрістеуіне мүмкіндік береді. Осыған орай, облыста аумағы 188 мың гектар болатын 3 жоба жасалуда. Олар – ирригациялық және дренаж жүйелерін жетілдірудің 1-ші, 2-ші кезеңі және 29 мың гектар суармалы жерді айналымға қосу жобасы. Сонымен қатар, аграрлық саланы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 3 су қоймасын және тасқын суларды сақтап, жинақтап, тарататын 3 су қоймасын салу, одан бөлек апатты 2 су қоймасын қалпына келтіру көзделіп отыр. Бүгінде Шиелі ауданында «Күміскеткен» су қоймасын салуға қаржы бөлінді. Жұмыстар келер жылы қолға алынады. Каналдар тазалығы мен өздігінен аяқ су бармайтын елді мекендерге насос қондырғыларын орнату жұмыстары да бірқалыпты жүргізілуде.
Бүгінде өңір балық кластерін дамытуды қолға алды. Тіршілігі түлеген теңізде қазір балықтың 22 түрі мекендейді. Су маржанын сүзу көлемі артып, экспорттық әлеует күшейіп келеді. Бір жылда Еуропа елдері мен көрші мемлекеттерге 3,5 мың тонна балық жөнелтуге қол жеткізілді.
Орман шаруашылығы саласы бойынша оң бастамалар қолға алынуда. Қазіргі таңда облыста мемлекеттік орман қорының жалпы көлемі 6,5 млн гектарды құраса, оның 3 млн-ы орманды алқаптар. Көлемін ұлғайту мақсатында жылына 10707 гектар жерге сексеуіл, саялы ағаш көшеттері егілуде. Тағы бір жағымды жаңалық, биыл Оңтүстік Корея Республикасы теңіздің құрғаған ұлтанының 30 мың гектарына фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу үшін қаржы бөлуді ойластырып отыр.
Аймақта көгалдандыру жұмыстары бойынша да бірқатар шара атқарылып жатыр. Бүгінде егілетін ағаш түрлерін көбейту қолға алынған. Қаланы жасыл желекпен көмкеріп, экологиялық тазалықты сақтау бағыты да басты назарда. Осы орайда ҚР Тұңғыш Президенті паркінен Рәміздер алаңына дейінгі аралықта көшет отырғызу жұмыстары жүйелі жүргізілгенін айта кетейік. Басқарма басшысы Н.Жолдасбаев келешекте ол жерден халық демалатын саябақтың салынуы мүмкін екенін жеткізді.

М.ҚҰРМАНӘЛІ.
07 қараша 2017 ж. 1 535 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 034 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам