Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

АЙМАҚТЫҢ ДАМУ КӨРСЕТКІШІ АРТЫП КЕЛЕДІ

 Аймағымызға қарасты шаруашылықтың барлық салаларында даму тенденциясы артқан. Мұндай жетістік облыстың агроөнеркәсіп кешенін дамыту 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен облыстың Агрокартасы шеңберінде іске асырылуда. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов мәлімдеді. 
Агрокартаның негізгі міндеті - экспорттық әлеуетті арттыру боп табылады. Сондай-ақ, өнімдерді Иран, Қытай және Ресей мемлекеттеріне өткізу қолға алынады. Осыған орай, бірінші кезекте күріш, бақша, балық, жылқы, сиыр және қой еті өнімдері экспортталмақ. 
Өз кезегінде спикер биыл Иран Ислам Республикасында сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын өндіруді қолға алынып, Қытай мемлекетіне күріш салысын өткізу мәселесі пысықталуда екенін айтты. Сондай-ақ, «Ақтөбе и К» серікестігі Иранда сұранысы жоғары «Торем Хошеми» сортын 70 гектарға және «Сыр маржаны» шаруашылығында осы сортты тестен өткізу үшін 2 гектарға еккен. Биыл Иранға экспортқа оның 60 тоннасы жіберілмек. Сонымен қатар, 2020 жылға қарай диханшылар ирандық күріш сортының егіс көлемін 5 мың гектарға ұлғайтпақ. Болашақта Иранға 8 мың тонна ақ күріш өткізіледі. 
Мемлекет тарапынан тұрақты түрде көрсетіліп жатқан қолдаудың нәтижесінде облыста мүйізді ірі қара, жылқы және түйе малының саны да артқан. 
«Ет комбинатын салу мақсатында «Сыр маржаны» ЖШС-і Иран Ислам Республикасының «Фарагир Инчеборон» компаниясымен келісімге келген. Қозы етін Біріккен Араб Әмірлігіне экспорттау үшін Сырдария ауданында 10 мың бас аналық қой өсіріп, жылына 250 тонна қозы етін өндіретін мал шаруашылығы кешенінің құрылысы аяқталды. Бүгінде кәсіпорын өз жұмысын бастап кетті. Алдағы уақытта аналық мал басын көбейту және экспортқа шығару мәселесі пысықталатын болады. Жылқы етін экспорттау мақсатында облыста арнайы сервистік дайындау орталығы құрылды. 2018 жылдан бастап, Шығыс Европа елдеріне экспортқа ет жіберу жоспарлануда», - деді облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов. 
Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарлама аясында 3 су қоймасы салынып, апатты жағдайда тұрған 2 қойма қайта жаңғыртылмақ. 
Баспасөз конференциясында елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету жайы да айтылды. Биыл ол жұмыстарға 408,4 млн. теңге қаралған. Оған 7 канал тазалау жұмыстары және өздігінен су бармайтын елді мекендерге 8 дана насос қондырғылары сатып алынады.
Елді мекендерде атқарылған жұмыстардың тағы бірі олардың шекараларын анықтау. Осы жылы Сырдария, Жалағаш, Қазалы, Арал аудандарындағы 29 елді мекеннің құжаттары әзірленді. Қалған 117 елді мекендер 2018-2019 жылдары іске асады.
11 қазан 2017 ж. 1 759 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам