Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АМЕРИКАЛЫҚ ПРОМОУТЕР: ГОЛОВКИН МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ОРЫНДАУДАН БАС ТАРТТЫ

АМЕРИКАЛЫҚ ПРОМОУТЕР: ГОЛОВКИН МЕМЛЕКЕТТІК ГИМНДІ ОРЫНДАУДАН БАС ТАРТТЫ

  Мексикалық Сауль «Канело» Альварестің (49-1-2, 34 KO) мүддесін қорғап жүрген промоутер Оскар Де Ла Хойя WBC, WBA және IBO бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің командасын сынға алды.  Себебі промоутердің айтуынша, боксшының командасы жекпе-жек алдында мемлекеттік гимнді орындаудан бас тартқан көрінеді. Бұл туралы Boxing News and Views порталы жазды.
Алайда Де Ла Хойи бұдан артық ақпарат бермеген.
«Тыңда, бұл ақымақтық. Олар өз мемлекетін қолдамай ма? Головкиннің адамдары жекпе-жек алдында гимннің қосылғанын қаламайды. Чемпиондық жекпе-жектер алдында гимнді орындау - нағыз керек рәсім. Гимнді орындау арқылы өзіңнің үлкен шараның бір бөлігі екеніңді түсінесің.
Головкиннің адамдары Қазақстан, Мексика және АҚШ гимндерінің орындалғанын қаламайды. Тағы қандай талаптары шығар екен? Құдай-ай, жекпе-жектің болғанын да қаламайтын шығар. Жай ғана күрес, болды», - деп мәлімдеген Де Ла Хойя.
Еске сала кетейік, Головкин мен Альварестің 2018 жылдың 5 мамырына жоспарланған жекпе-жегі өтпей қалған еді. Себебі мексикалық боксшы допинг дауына ұшырады.
Бірнеше ай бойы екі тарап келісімге келіп, жекпе-жек Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында 15 қыркүйек өтеді.
07 қыркүйек 2018 ж. 1 062 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 524 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам