БІРНЕШЕ ОБЛЫСТА ҮСІК ЖҮРІП, ДАУЫЛ ТҰРАДЫ
Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындарын үсік жүретіні туралы ескертті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидрометке" РМҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
14 қыркүйекте Алматы облысының солтүстігінде үсік жүріп, ауа температураы 2 градусқа дейін төмендейді, сонымен қатар Талдықорғанда түнде ауа температурасы 1-3 градус болады. Ертең Шығыс Қазақстан облысында түнде үсік жүріп, ауа температурасы 3 градусқа дейін төмендейді. Қостанай облысында 14 қыркүйекте батыстан қатты жел соғады, кей жерлерде секундына 15-20 метр, таңғы және күндізгі уақытта найғазай ойнайды. Солтүстік Қазақстан облысында жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай тұрып, оңтүстік-батыстан соққан желдің күші секундына 15-20 метр болады, кей жерлерде секундына 23-28 метр болуы мүмкін. Петропавлда күндіз жаңбыр жауып, найзағай тұрады және желдің күші секундына 25 метр болады.