РОНАЛДУДЫҢ ЖАС КӨРІНУІНІҢ ҚҰПИЯСЫ МӘЛІМ БОЛДЫ

"Роналду жетістігінің үш құрамдас бөлігі: дұрыс жаттығу, тамақтану және дұрыс демалу", - дейді Эрнандес. Клеггтің айтуынша, шабуылшының басқа футболшылардан басты айырмашылығы - мамандыққа деген махаббат. "Роналду жұмысына адал, міне құпия осы. Ол ешқашан жолында тоқтамайды", - деді дәрігер. 2018 жылы шілдеде Роналду туриндік "Ювентуста" медициналық тексеруден өтті. Нәтижесі бойынша оның физикалық жағдайын 20 жастағы адамға теңеген. Спортшының ағзасында небәрі 7 пайыз май бар, ал негізінде бұл көрсеткіш орташа есеппен 10-11 пайыз. 10 шілдеде Роналду "Реалдан" "Ювентусқа" ауысқан. Шабуылшы мадридтіктердің құрамында Чемпиондар лигасында төрт мәрте жеңіске жеткен және төрт рет "Алтын доп" (тағы бір үздік ойыншы үшін сыйлығын "МЮ" құрамасы үшін ойнағанда алған) сыйлығының иегері болған.