ДЕМАЛЫС КҮНДЕРІ АУА РАЙЫ ҚАНДАЙ БОЛАДЫ?
Синоптиктер 15-17 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
"Батыс Сібірден келіп жатқан суық ауа ағыны жауын-шашынсыз салқын ауа райы мен климаттық нормадан төмен температураны сақтап қалады. Дүйсенбіде республиканың шығысында жаңбыр болуы мүмкін. Сондай-ақ, Ресейдің Еуропалық бөлігінен циклонның жақындауымна байланысты батыс облыстарында да жаңбыр күтіледі", - деді "Қазгидромет" өкілдері.