Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БУКМЕКЕР КЕҢСЕСІНІҢ КУРЬЕРІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

БУКМЕКЕР КЕҢСЕСІНІҢ КУРЬЕРІН ТОНАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

   Алматыда букмекерлік кеңсенің курьерін тонаған Түркістан облысынан келген жігіттер ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
  Полиция мәліметінше, күдіктілердің жасы 25-26-да. Олар жалдамалы пәтерде тұрған.  "Қаскөйлер біреудің айтуымен қылмысқа баруы мүмкін, себебі зардап шеккен адам қаладағы букмекерлік кеңседе курьер болып қызмет еткен. Оның жұмысы - кеңселерге қаражат тасу болған. Әр фигуранттың өз қызметі болған: біреулері ешкім көріп қоймауын қадағалап отырған, ал басқалары жәбірленушімен айналысқан.  Курьерді шалып құлатып, олар сөмкені алып, жан-жаққа қашқан. Ары қарай көлікпен қашқан. Жәбірленушінің айтуынша, сөмкеде 2 миллион 470 мың теңге болған", - деді Медеу аудандық ІІБ басшысы Болат Тотыбаев. Бір сағат ішінде полицейлер қаскөйлердің қашқан көлігін анықтаған. Тағы біраз уақыттан соң осы қылмыстық істің барлық қатысушысы ұсталған.  "Күдіктілер бұрын соңды осындай істерге қатысы бар болып, қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Қазіргі уақытта ұсталғандар қамауда отыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары ҚР ҚК 191-бабы ("Тонау" ) бойынша жүріп жатыр", - деді полиция өкілдері.
15 қыркүйек 2018 ж. 1 400 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 047 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам