КӘСІПКЕР ГОЛОВКИНГЕ ЕРЕКШЕ СЫЙ ДАЙЫНДАДЫ
«Әр жігітті көрсетер сұлтан етіп, әр қазаққа Самғаудан бір пар етік». Осы ұранмен ұлттық етікшілік өнерді жаңғыртып, кәсібін дөңгелетіп отырған астаналық кәсіпкер Самғау Нәсіпхан күні ертең өміріндегі ең жауапты айқастардың бірін өткізетін Геннадий Головкинге арнап етік тікті. «GGG» жазуымен, ұлттық оюмен нақышталған етікті Самғау бір ай бойы дайындаған екен. Қолдауын сөзімен емес, ісімен көрсеткен Самғау Нәсіпханға ҚазАқпарат тілшісі хабарласып, ерекше сый мен етікшілік өнер турасында әңгіме өрбітті.
«Жалпы, Геннадий Головкин мені қарапайымдылығымен, бүкіл жетістікке жеткен толағай еңбегімен, қайтпас қайсарлығымен, алдында қандай үлкен сындар тұрса да бүлк етпес салқынқандылығымен тамсандырады. Осыдан кейін боксшымызға қолдау бірдіруге ниет білдірдік. Тілеуін тілеудің екі жолы бар: бірі іштей риза болып, Гена батырымыз жеңсе деп тілесек, екіншісі тілеуің мен қолдауыңды ісің арқылы білдіру, бәлкім жанында жүріп жақсы сөз айту. Ал енді біз боксшымыздың жанында жүрмесек те, ұлттық нақыштағы етік жасап, артында елі бар екендігін білдіргіміз келді», - дейді Самғау Нәсіпхан.

«Қазіргі таңда Астананың іргесінде Қараөткелде үлкен цех салып жатырмыз. Жобаның құны шамамен 30-40 миллион теңге болады. Осы күзде, болмаса көктемге таяу цех ашылады. Жалпы, үлкен мақсатымыз - бәсекеге қабілетті отандық өнімді шығару және баладан балаға ертеңін ойлайтын ұрпақтан ұрпаққа қалатын үлкен кәсіп қалдырсам деген ниетте болашағымызды ойлап жұмыс жасап жатырмыз. Шын ниетіміз, алға қойған үлкен миссиямыз осы. Пайда өзіме де, халыққа да тисе деймін. Осы мақсатта үлкен цехымыздың құрылысын жүргізіп жатырмыз», - дейді Самғау Нәсіпхан.