Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

САЛЫҚ КОДЕКСІНДЕ ӨЗГЕРІСТЕР КӨП

 Экономиканы нығайтумен қатар жұмыссыздық мәселесін шешудің ең тиімді жолы – кәсіпкерлікті дамыту. Мемлекеттің аталған саланы дамытуға қыруар қаржы бөлетіні де сондықтан. Биыл Елбасының Жолдауында белгіленген шағын және орта бизнесті дамыту мақсатында 2018-2020 жылдарды Қызылорда облысында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» жылы етіп жарияланғаны белгілі.
Алайда, кәсіпкерлерге қатысты салық жүйесіне жаңадан өзгерістер енгізілді. Осы орайда қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің ұйымдастыруымен «Кәсіпкерлік саласындағы тапсырылатын есептіліктердегі өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар өтті. Мұндағы мақсат – қала кәсіпкерлерін кәсіпкерлік саласындағы салық жүйесіндегі өзгерістермен таныстыру.
Әділет министрлігі Заңнама институтының статистикалық талдау деректеріне сүйенсек, 2009 жылдан бастап Салық кодексіне заңмен 130 өзгеріс пен толықтыру енгізілген екен. Қоғам талабы өзгергендіктен биыл тағы жаңа Салық кодексі қабылданды.
Бөлім мамандардың айтуынша, шағын және орта бизнесті қолдау үшін қолданыстағы арнайы салық режимдерін сақтаумен қатар, жаңа тиянақталған шегерім режімі енгізілген. Кірістің шекті мөлшері бойынша жылына 300 миллион теңгеге және жалдамалы жұмысшылар санын 50 адамға дейін қолдану критерийлері кеңейтілген. Жеке кәсіпкерлер үшін 10, заңды тұлғалар үшін 20 пайыз мөлшерлемемен шығыстар сомасына азайтылған кіріс түріндегі салық енгізілді. Сонымен қатар, шағын бизнестің ауыртпалығын көтермеу мақсатында қосылған құн салығының қолданыстағы көрсеткіші 30 айлық есептік көрсеткіш сомасы бұрынғысынша қалады.
2019 жылдан бастап ел ішінде тауар алуға байланысты ерікті негізде қосылған құн салығын бақылау шотын енгізу арқылы дебеттік айырма қайтару тетіктері қарастырылып отыр. Тағы бір айта кетерлігі, электронды сатулардан түскен табыстар корпоративтік табыс салығынан және жеке кіріс салығынан босатылған. Жаңа Салық кодексінде көрсетілгендей, жер қойнауын пайдаланушы компаниялар корпоративтік табыс салығының үлес пайдасынан және артық жұмыс атқару көрсеткіштеріндегі құнның өсуінен босатылды. Ондай компаниялар кен орнын шолуға қажетті шығындарды өндіру жұмыстары басталғаннан кейінгі басқа келісім аясында өтеуге құқылы.
Жалпы, жаңа Салық кодексі Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауында алға қойылған міндеттерді жүзеге асыру үшін, яғни салық және бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайларға бейімдеу мақсатында әзірленді. Құжат жеке және заңды тұлғаларға қатысты салық заңнамасын барынша жеңілдетуге, атап айтқанда, әкімшілік тетіктерін жетілдіруге, кәсіпкерлердің белсенділігін арттыруға бағытталып отыр.
Шара соңында қатысушылар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Осылайша мамандар салық жүйесіндегі жаңа өзгерістерді нақты түсіндіріп берді.
                                                                 Ақтолқын НҰРЛЫБАЙ.
19 қыркүйек 2018 ж. 1 378 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 421 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам