Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚПЛ: «ҚАЙСАР» МЕН «ЖЕТІСУ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

ҚПЛ: «ҚАЙСАР» МЕН «ЖЕТІСУ» ЖЕҢІСКЕ ЖЕТТІ

   Кеше еліміздің бес қаласында футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 27-тур ойындары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазірге дейін екі қалада кездесулер аяқталды. Қызылорданың «Қайсары» өз алаңында Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдады. Аталмыш ойында алғашқы голды қарағандылық футболшылар соқты.  30-минутта Эгон Бух «Қайсар» қақпасын дәл көздей білді. Бұдан кейін алаң иелері шабуылдарға шыққанымен одан ешбір нәтиже бола қойған жоқ.
Ойынның екінші кезеңінде «Шахтер» қақпасы маңында шабуылдар өрбіді. 56-минутта олардың қақпасына 11 метрлік айып добы белгіленді. Бұл мүмкіндікті «Қайсардың» жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген мүлт жіберген жоқ. Ал 80-минутта Братислав Пуношевац есепті еселеді. Есеп 2:0. «Қайсар» жеңіске жетті.
Ал «Қайрат» екінші ойын қатарынан жеңілді. Бұл жолы сырт алаңда Талдықорғанның «Жетісу» клубынан 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Ойын тағдырын шешкен жалғыз голды 89-минутта Мантас Куклис пенальтиден соқты.
Дәл қазір «Атырау» өз алаңында Петропавлдың «Қызылжар» командасын қабылдап жатыр. Ал сағат 19.00-де Шымкентте «Ордабасы» мен Петропавлдың «Қызылжар» командалары арасындағы ойын басталды, сағат 20.00-де «Ақтөбе» мен Қостанайдың «Тобылы» жасыл алаңға шығады.
 
23 қыркүйек 2018 ж. 1 684 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 13 922 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам