ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ НАСИХАТ МҮШЕЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
18 қазан – «Рухани келісім» күніне орай аудан әкімдігінде арнайы құрылған облыстық ақпараттық насихат мүшелерінің қатысуымен жиналыс болып өтті.
Жиналысты аудан әкімінің орынбасары Мәжит Сәмитов ашып, жүргізіп отырды. Шараға облыстық «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» директоры Бақытжан Камалов, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының Қызылорда облыстық филиалының кафедра меңгерушісі Баймырза Қожамберлиев, облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жасұлан Алдабергеновтер мен бірқатар сала қызметкерлері, зиялы қауым өкілдері, кент тұрғындары қатысты. Ақпараттық насихат топ мүшелері ел бірлігін нығайту, рухани толерантты болу және дін мен дәстүр сабақтастығын меңгеру, қоғамдағы діни сауатсыздықты жою, жастардың бос уақытын тиімді пайдалану турасындағы мәселелерді көтерді.