Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ

ЕРДІҢ АТЫН ЕҢБЕК ШЫҒАРАДЫ

   Кеше А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде Еңбек әулеттерінің V форумы кең ауқымда өткізілді. Салтанатты шараға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев қатысты.
Өңірімізде атадан балаға отбасылық құндылықтарды мирас етіп, жоғары кәсіби маман әзірлеуге үлес қосып отырған жандар баршылық. Жыл сайын форум аясында әр сала бойынша еңбек әулеттері марапатталып келеді. Аталмыш шараның негізгі мақсаты – жас өрендерге еңбек адамын үлгі ету. Олардың аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестерін насихаттау арқылы жастарды еңбек етуге белсенділігін арттыруға мүмкіндік бар.  
Биылғы дәстүрлі форумда осындай шаттыққа кенелген тоғыз әулет үлкен құрметке ие болды. Олардың қатарында ұрпаққа ұлағат сыйлаған ұстаздар,  бейнеткеш теміржолшылар, алтын қолды дәрігерлер, еңбекпен есейген ауыл шаруашылығы саласының мамандары бар. Сондай-ақ, мәдениет, спорт, ішкі істер саласы бойынша ұзақ жыл еңбек еткен әулеттер мәртебесі биікке көтерілді. Атап айтқанда, Қызылорда қаласында тұратын Өтегеновтер әулетінің теміржолшылық еңбек өтілі 502 жылды құрайды. Отбасында 27 жан осы салада абыройлы қызмет атқарды және әлі де сол жолды жалғастырып келеді. Әулет үлкені Жандарбек Өтегенов аталмыш салада 33 жылдан бері жемісті еңбек етуде. Ал, қазалылық Сексенбаевтар әулетінің ұстаздық еңбек өтілі үш ғасырдан асқан. Отбасында 20 адамның шәкірт тәрбиелеуде өзіндік орны бар. Әулет үлкені Күләйша Сексенбай апамыздың ұлағатты ұстаз ретінде ұрпаққа тәлім беріп келе жатқанына 25 жыл.  Аралдық Бердімағамбетовтердің ауыл шаруашылығы саласында еңбек өтілі 257 жылды құрайды.  Ал, жалағаштық Ойнаровтар 142 жылдан бері мал шаруашылығымен айналысады.  Ал, қызылордалық Сейітмәмбетовтер әулетінің денсаулық саласындағы еңбек өтілі – 138 жыл.
Салтанатты форумда облыс әкімі Қырымбек Көшербаев жеңімпаз еңбек әулеттерін құттықтады.
– Елбасының 2013 жылғы қарашадағы Жарлығымен бекітілген «Еңбек күні» мерекесін биыл бесінші рет атап өтіп отырмыз. Осы уақыт аралығында кәсібін атадан балаға мирас еткен отбасылар облысқа ғана емес, республикаға танылып үлгерді. Жастар еңбектің мәні зор екенін түсінуі тиіс. Еңбек ете білген адам ғана зор жетістіктерге қол жеткізеді. Сондықтан біздің басты мақсатымыз – баршаға ортақ еңбек қоғамын құру. Осы орайда біз жыл сайын әрбір еңбек етуші қазақстандықтың еліміздің экономикалық өсуіне қосқан елеулі үлесін құрметпен атап өтіп келеміз.
Сыр елінде еңбекқор жандар тұрады десек қателеспейміз. Мәселен, аймағымызда 102 «Социалистік Еңбек Ерінің» есімі тарихта алтын әріппен жазылып қалған. Олардың еткен еңбектері бүгінгі жас ұрпақ үшін аңызға айналған. Ал Сыр елінің түлектері «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын алған Абзал Ералив пен Юрий Пя – тәуелсіз Қазақстанның төл мақтаныштары. Бүгінгі таңда 200 жылдық мерейтойын атап өтіп жатқан сүйікті қаламыз – Қызылорда да сол жасампаз еңбектің арқасында жасарып, жаңарып келеді. Ел мүддесі жолында еткен еңбектеріңіз еселі болсын, – деді аймақ басшысы. Облыс әкімі жеңімпаздарға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Сондай-ақ, шарада кәсіподақтардың облыстық «Еңбек жолы» байқауының жеңімпаздары да марапатталды. Салтанатты шара Сыр өнерпаздарының мерекелік концертіне ұласты.
                                                                                          Айтолқын АЙТЖАНОВА.
28 қыркүйек 2018 ж. 2 010 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам