Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

ҚАРТТАРЫМ АСЫЛ ҚАЗЫНАМ

    Жыл сайын бұл күні елімізде өнегесі мен өлшенбес даналықтарын бойына жинаған қарттарымыздың мерекесі ерекше тойланады. Қарияларға құрмет көрсету – халқымыздың мінезіне, болмысына біткен қасиет. Осындай игі шараға ҚАЖ департаменті ұжымы да біркісідей атсалысып келеді.
1 қазан - халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаменті ұжымы қаламыздағы қарттар үйіне барып қарияларымызды мерекелерімен құттықтап, материалдық көмек көрсетті.
Қарияларымыз қуанып, көңілдері  көтеріліп бір марқайып қалды. Саналы ғұмырларын еліміздің өсіп -өркендеуіне ұшан –теңіз  үлес қосқан, қарттарымыздың өмір жолдары бүгінгі жас ұрпаққа табылмас қазына. 
Көпті көрген қарттарымыз  департамент ұжымына, өз ризашылығын білдіріп, мемлекет үшін ел үшін адал қызмет ете беріңдер деп ақ батасын берді. Біз де қарияларымызды мерекемен құттықтап, ортамызда аман-сау жүре беріңіздер деп тілегімізді жеткіздік.
Ел басына күн туған, қиын-қыстау күндерде халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз қашан да аман болсын!

Дана Достанова
ҚАЖД  тіл маманы
01 қазан 2018 ж. 1 209 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 528 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам