Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӨРКЕНИЕТ ӨЛШЕМІНДЕЙ ӨРЕЛІ ӨҢІР

ӨРКЕНИЕТ ӨЛШЕМІНДЕЙ ӨРЕЛІ ӨҢІР

    Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театрында Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті.        
       Салтанатты рәсімде ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова мен облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Сыр жұртшылығын айтулы мерекемен құттықтады.
         Салтанатты шараның шымылдығы сонау Қамысқаладан бүгінгі Қызылордаға дейінгі тарихынан сыр шертетін театрландырылған қойылыммен түрілді. Одан кейін Мемлекеттік хатшы Елбасының құттықтау хатын оқып берді.
         "Шығыс даналығында "Халықтар қалаларды, қалалар мемлекетті құрайды" деген тәмсіл бар. Өркениеттің өлшеуіндей болған әсем қалалардың Сыр бойында болғаны да тегін емес. Әлеуметтік-саяси мақсаттарды жүзеге асыруда сол қалалардың маңызы ерекше болды. Бүгінгі Қызылорданың бағасы да солардан бір кем емес", делінген Елбасы құттықтауында.
         Ал, аймақ басшысы өз сөзінде Қызылорданың өткенін саралап, бекем болашақ үшін жасалып жатқан ауқымды істерді баяндады. Қаланың сол жағалауынан жаңадан бой көтерген жаңа бөлігінің алдағы уақытта облыстың ең көрікті орнына айналатынын жеткізді.    
         – Қызылорда қаласының ертеңін жар­қын ету бағытында тынымсыз тір­лік, елеулі еңбек еткен ел азаматтары, аға буын өкілдері ортамызда отыр. Осы салтанатты сәтті пайдаланып, Сыр жұртшылығы атынан сіздердің ел үшін еткен еңбектеріңізге, туған жерге деген жанашырлықтарыңызға зор ризашылығым мен шексіз алғысымды жеткіземін, – деді облыс әкімі.
         Сондай-ақ, шара барысында ел дамуына үлес қосып жүрген бірқатар азамат мерей­тойға арналған мерекелік медальдармен марапатталды. Кеудеге төсбелгі таққандардың қатарында Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, ҰҒА академигі, белгілі заңгер Сұлтан Сартаев, ғалым, математика-физика ғылымдарының докторы, профессор, Елтаңба авторы, профессор, «Құрмет» орденінің иегері Жандарбек Мәлібеков, мемлекет және қоғам қайраткері Виталий Брынкин, академик Асқар Жұмаділдаев, ақын, Мемлекеттік премия лауреаты Иранбек Оразбаев сынды ел ағалары бар. Орайлы сәтте Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев құттықтау сөз сөйлеп, ыстық ықыласын білдірді.        
                    Салтанатты шара соңы мерекелік концертке жалғасты. Онда Қазақстанның халық әртісі Нұржамал Үсенбаева, Елена Әбдіхалықова  бастаған қазақ эстрадасының бірқатар әншілерімен бірге жергілікті өзге де өнерпаздар ән-жырдан шашу шашты.
                                                                                  Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.
02 қазан 2018 ж. 1 402 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 420 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам