Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІЛІМ МИНИСТРІ МЕКТЕПТЕ ҮШКЕ ОҚЫҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

БІЛІМ МИНИСТРІ МЕКТЕПТЕ ҮШКЕ ОҚЫҒАНЫН МОЙЫНДАДЫ

   Қазақстанның білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев "Үздік педагог — 2018" байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі кезінде мектепте тіл пәндерін үшке оқығанын мойындады.
Үздік ұстаздарды марапаттағаннан кейін жүргізуші Қазақстанның бас педагогіне екі сұрақ қойды: математиканы жақсы оқитындар, тілге нашар келеді деген рас па және министрдің үштік бағасы болды ма.
"Тіл пәндерінен мектепте үштік баға алғанмын", — деп шындығын айтты Сағадиев.
Білім министрлігінің басшысы құттықтау сөзінде мұғалімнің әрбір жұмыс күні құрметке лайық екенін атап өтті.
"Жазушы өз шығармалары арқылы, жақсы суретші картиналары мен мүсіндері арқылы өмір сүреді, ал жақсы ұстаз шәкірттерінің ойынан кетпейді деген сөз өте дұрыс айтылған. Өскелең ұрпақты білім нәрімен сусындатып қана қоймай, өз жаныңыздың бір бөлшегін бересіздер", — деп министр жеңімпаздарды құттықтады.
Сағадиев атап өткендей, білім беру саласында көптеген жұмыстар атқарылды, бірақ әлі талай қажырлы еңбек ету керек.
sputniknews.kz


03 қазан 2018 ж. 1 104 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (1693)

28 қараша 2020 ж.

№91 (1692)

24 қараша 2020 ж.

№90 (1691)

21 қараша 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 14 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам